18 Қазан, 2024 Жаңалықтар
0  

Қандай жағдайларда фермерден жерді алып қоюы мүмкін

Пастбище Земля
Қандай жағдайларда фермерден жерді алып қоюы мүмкін

ҚР Жер кодексі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін, егер ол осындай факт алғаш анықталған кезден бастап бір жыл ішінде мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда алып қоюды көздейді. Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында жер заңнамасының ерекшелігі түсіндірілді.

Жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталған сәт жер пайдаланушыға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген күн болып есептеледі. Бұл ретте жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын уақыт пайдаланылмайтын кезеңге қосылмайды.

Жер учаскесі келесі жағдайларда пайдаланылмайтын болып есептеледі:

  1. егістікте - ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін жер учаскесін өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізбеу;
  2. шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабуды жүргізбеу, оның арамшөптермен, бұталармен, ұсақ ормандармен толып кетуі және шөптің тозуының өзге де белгілерінің болуы;
  3. жайылымдарда - жайылымға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті жол берілетін нормасының 50%-нан аз мөлшерінде болуы және (немесе) жем дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
  4. көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күтіп-баптау, жинау және тазартып тегістеу жұмыстарын жүргізбеу.

Жер кодексінің 92 және 93-баптарында көзделген меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
Кеше
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
Кеше
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер