22 Ақпан, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстандағы егіс алқаптары 23,4 млн гектарға дейін ұлғайтылады

ҚАЗАҚСТАН
Қазақстандағы егіс алқаптары 23,4 млн гектарға дейін ұлғайтылады
Фото көзі: ElDala.kz

Қазақстанда ағымдағы жылдың жалпы егіс алқабы 23,4 млн гектарды құрайды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алқаптарын 117 мың гектарға, жемшөп дақылдарын 36,5 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.

"Нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты мақсары, соя және қыша сияқты кейбір майлы дақылдардың егіс алқабының шамалы қысқаруы болжануда. Бұл ретте күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл бойынша аумақты 30,8 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда", - деп атап өтті АШМ басшысы.

Көкөніс-бақша дақылдары мен картоп бойынша егіс алаңын 11,1 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Министр астық, көкөніс-бақша, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда мақта алқабының 14,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр, ол 111,4 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, Үкіметтің су сыйымды дақылдар алқабын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алқаптарының өткен жылмен салыстырғанда 7,6 мың гектарға (2023 жылы – 95,4 мың гектар) ұлғаюы байқалады", - деді Қарашөкеев.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы маңызды міндеттердің бірі топырақта ылғал жинақтау және оны ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылатынын айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында ақпанның бірінші жартысында жауын-шашын біркелкі түспеді, олардың кейбірінде қар жамылғысы төмен. Осыған байланысты топырақта ылғалдың жиналуы мен сақталуы бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

"Нормаға жақын және одан жоғары жауын-шашын Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде және орталықтың кей жерлерінде өтті. Қалған аумақта жауын-шашын нормадан аз. Республиканың батысында 16 ақпандағы жағдай бойынша қар жамылғысының биіктігі 1-7 см-ден 10-37 см-ге дейін, елдің солтүстігінде 11-22 см-ден 26-34 см-ге дейін, орталығында 8-15 см-ден 18-35 см-ге дейін, шығысында 9-21 см-ден 22-99 см-ге дейін, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында негізінен 4-14 см 19-43 см-ге дейін", - деді Қарашөкеев.
Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер