Қазақстанда 2 қыркүйектегі жағдай бойынша 4,2 млн га дәнді дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15,3 ц/га болған кезде 6,4 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналды, өнімділігі 15 ц/га кезінде 4,5 млн тонна бастырылды. Арпа 926,7 мың га жиналды, өнімділігі 16,5 ц/га кезінде 1,5 млн тонна, сұлы – 36,1 мың га, өнімділігі 15,8 кезінде ц/га 57 мың тонна.
Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3 ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, көкөніс дақылдары 62,2 мың гектардан 247,7 ц/га өнімділікпен 1,5 миллион тоннадан астам жиналды.
Бақша дақылдары 88,9 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа техника жұмылдырылды.
АШМ деректері бойынша 2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.