Қазақстанда 12 қыркүйекте 5,4 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде шамамен 8 миллион тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бидай 3,7 млн га алқапта бастырылды. 5,4 млн тонна жиналды, орташа өнімділік -14,2 ц/га.
Арпа 1,2 млн гектарға жиналды, өнімділігі 15,8 ц/га болғанда 1,9 млн тонна бастырылды; сұлы – 99,4 мың га, өнімділігі 14,7 ц/га болғанда 145,9 мың тонна бастырылды.
Майлы дақылдар орташа өнімділігі 10,2 ц/га 67,3 мың га алқапта жиналды, 68,6 мың тонна бастырылды.
41,1 мың га алқаптан 260,4 ц/га өнімділікпен 1 млн тоннадан астам картоп жиналды. Көкөніс дақылдары 77,4 мың гектардан жиналды, өнімділігі 242 ц/га 1,9 млн тоннаға жуық жиналды.
Бақша дақылдары 92,4 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 252,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайндар, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік өзге де техника тартылды.