12 Қазан, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда 13,6 млн тонна астық бастырылды

Урожай Зерновые Пшеница Растениеводство
Қазақстанда 13,6 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2% құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га кезінде 13,6 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктердің жедел деректері бойынша күтілетін жалпы астық жинау көлемі шамамен 15,3 млн тоннаны, оның ішінде бидай бойынша шамамен 11,2 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте елімізде өткен жылғы 3 млн тонна жоғары сапалы астық бар.

Ведомство биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар проблемаларға тап болғанын атап өтті. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстікте егін жинау кезеңінде қатты жаңбыр жауа бастады, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті.

Мемлекет басшысының ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды:

  • форвардтық сатып алу шеңберінде Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы 3-класты бидай үшін 120 мың теңге және 4-класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;
  • форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-класты бидайды 4-класқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік берілсін;
  • міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін бір жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік берілсін.

Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясының 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуын мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4-класты бидай үшін 105 мың теңге, 5-класты бидай үшін 90 мың теңге, класты емес бидай үшін 70 мың теңге.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
20 Нау 2026
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
20 Нау 2026
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер