18 Желтоқсан, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық бидай жиналды

Зерно Азат Султанов Пшеница Растениеводство
Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық бидай жиналды

2024 жылы Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі айтарлықтай өсім көрсетті - 19,9%. Атап айтқанда, елімізде 26,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артып, 7,8 трлн теңгені құрағанын хабарлады.

"Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділігі 16,1 ц/га болғанда 26,7 млн тонна астық, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна бастырылды. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сою салмағындағы ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өсуі байқалды", - деп нақтылады Азат Сұлтанов.

Азық-түлік өндірісі 11 айда 2,1%-ға өсіп, 3 трлн теңгені құрады. Оның ішінде импортқа тәуелді өнімдер - ірімшік пен сүзбе өндірісі 8,7%-ға, шұжық өнімдері - 4,1%-ға, сары май - 2,9%-ға өсуде. Өсімдік майының өндірісі 12%-ға өсті.

"Жыл соңына дейін осы саладағы өсімді дәнді, майлы дақылдарды өңдеу және қант өндіру есебінен көріп отырмыз. Сала дамуының өсу қарқынын төмендетуге жол бермеу мақсатында келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі 200 млрд теңгеге дейін жеткізілетін болады. 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыштар енгізу және элиталық тұқымдардың үлесін 10,5%-ға дейін арттыру жоспарлануда", - деп толықтырды Азат Сұлтанов.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
Кеше
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
Кеше
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер