06 Наурыз, 2023 Жаңалықтар
0  

Әкімдіктер бизнесті жерді жалға алуды ұзартудан заңсыз бас тартуда

ҚАЗАҚСТАН
Әкімдіктер бизнесті жерді жалға алуды ұзартудан заңсыз бас тартуда
Фото көзі: ElDala.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару Комитетімен бірлесіп, жер қатынастары саласына талдау жүргізді. Кәсіпкерлердің айтуынша, олар жер учаскелерін жалдау мерзімін ұзарту кезінде мезгіл-мезгіл әуре-сарсаңға және негізсіз бас тартуға тап болады екен. Бұл туралы Сыбайлас жмқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің нормаларын өзінше түсіндіріп, жер комиссияларының қарауына жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштерді жолдады. Жер кодексінің 12-бабына сәйкес комиссияның мұндай өкілеттіктері жоқ", - деді Сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Тағы бір маңызды мәселе хабарлама мерзімдерінің аяқталуына байланысты жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінд атап өткендей, әкімдіктер мұндай тәжірибені жалға алушылар жаңа мерзімге жер пайдалану шартын жасасу ниеті туралы хабарламаларды уақтылы жібермейтіндігімен түсіндіреді. Бірақ, заңға сәйкес, бұл кәсіпкерлерге жерді қайта беруден бас тартуға негіз емес.  

"Жалдау мерзімі аяқталған жағдайда өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы болады (Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағы). Бұл жағдайда жосықты жалға алушы комиссия жасамай-ақ Шарттың мерзімін ұзартуға құқылы", - деп түсіндірді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бұл ретте талдау барысында жасырын мемлекеттік қызмет анықталды – заңнамамен регламенттелмеген жаңа мерзімге жалдау шартын жасау. Регламенттің болмауы "бір терезе" қағидатын жоққа шығарады және әкімдік лауазымды адамдары мен жер учаскелерін жалға алушылардың тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша мұндай заңсыз тәжірибе Алматыда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тоқтатылды. Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару комитеті жергілікті атқарушы органдарға уақтылы хабарламауға байланысты жер учаскелеріне жалға беруді ұзартудан бас тарту тәжірибесін болдырмайтын нақты түсініктемелер жіберді.

"Аталған түсініктеме жосықты жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ жер берудің бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде.
Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Қар 2026
ЕР
Ерлан
Уральск
Тауықтар Куры Несушки
10 000+
10 000+
Теңге қолма-қол
бас
2 800 тг
Сатып алу
28 Қаз 2026
МА
Маржан
-
Бидай 5 сын пщеница
Келісуге болады
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно
Жүгері Бұршақ дәнділер
Жүгері Бұршақ дәнділер
ҚҚС-сыз теңге
тонна
81 950 тг
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Кебек Отруби пшеничные пушистые в мешках
ҚҚС-сыз теңге
тонна
52 875 тг
Сату
08 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно DAP Сарыагаш KZ
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Доллар
тонна
$ 210
Біздің серіктестер