Қазақстанда 14 маусымда егіс науқаны ресми түрде аяқталды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары 23,8 млн га алқапта аяқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, дәнді дақылдар 16,6 млн га, майлы дақылдар – 3 млн га, жемшөп дақылдары үшін 3,4 млн га егілді. Сондай-ақ, көкөніс дақылдары 142,5 мың гектарға, ал картоп 166,8 мың гектарға егілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан оңтайлы мерзімде аяқталғанын мәлімдеді. Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты егу уақыты кешіктірілгенде, фермерлер ерте және орта маусымдық сұрыптарды қолданды.
Егіс науқанына дайындық аясында қажетті тұқым көлемі 2,4 млн тоннаны құрады. Ағымдағы жылы тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде аграрлар тыңайтқыштардың көлемін 2023 жылдың ұқсас күніне қарағанда 2,1 есе көп енгізді.
2024 жылы жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, оның 400 млрд – бұл қарыз қаражатының қосымша көлемі.