17 Ақпан, 2023 Жаңалықтар
0  

Түркістан облысында 28 мың ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Түркістан облысында 28 мың ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда
Фото көзі: ElDala.kz

Ордабасы ауданы Шұбар ауылында 28 мың бас ірі қара мал бордақылау кешенінің құрылысы басталды. Кешеннің негізін қалау рәсіміне кооператив басшылары мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 40-қа жуық кәсіпкер келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылы іске қосылатын кешеннің жалпы ауданы 400 га құрайды. Әрбір 50-100 бас малды бордақылауға 0,12 га жер қарастырылған.

Жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Біріншісінде 11 650 бас ірі қара мал бордақылау кешені іске қосылады, бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мен жеке өндірістер ашу көзделеді. Екінші кезеңде бордақылау кешенінің қуаты 28 350 басқа дейін ұлғайтылатын болады. Нәтижесінде 800 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Кешенде 50, 100, 150 және 200 басқа арналған бордақылау алаңдары құрылатын болады. Сондай-ақ, инвесторлар есебінен әкімшілік кеңсе, асхана, ветеринарлық бекет, мал союға арналған заманауи нысандар, жемшөп сақтау қоймалары және басқа да нысандар салынады. Инфрақұрылымды жүргізу бюджет есебінен жүргізіледі.

"Жалпы жоба аясында жылына 40 мың бас ірі қара мал бордақылау және 9,5 мың тонна таза ет, ал тірі салмақта - 17 920 тонна ет өндіру жоспарлануда", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер