Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау тәртібі мен шарттары Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау процесі толығымен автоматтандырылған және GOSAGRO.KZ веб-порталында ТЕГІН НЕГІЗДЕ субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
СУБСИДИЯ АЛУШЫЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР (АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ) БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
СУБСИДИЯЛАР АЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Субсидиялар алу шарттары:
Субсидиялау бағдарламалары:
Өсімдік шаруашылығындағы бағыттар мен нормативтер сақталған. Қант қызылшасын өсірудің тартымдылығын арттыру үшін оны өндіруді субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және әкімшілендіруді оңайлату үшін аударым өтінімдерінің күші жойылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді субсидиялау бағыттары мен нормативтері бойынша әкімдіктердің қаулыларын келісу рәсімі Министрлікке субсидиялаудың ұсынылатын көлемін электрондық форматта беру рәсімімен ауыстырылады, сондай-ақ тұқымдардың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет қызылша өсірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын бірнеше рет атап өтті. Өңдеуге тапсырылған қант қызылшасын субсидиялауды ұлғайтуға 2023 жылы шамамен 11,5 млрд теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда. Қазіргі уақытта тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%-ы, техника құнының 25%-ы субсидияланады. Бұл ретте субсидиялаудың жаңа қағидаларында техниканың рұқсат етілген ең жоғары құнының белгіленген лимиттерін өзектендіру жоспарлануда.
«Қызылша жинайтын комбайндарды сатып алуға өтемақы нормативін 50%-ға дейін ұлғайту мәселесі де пысықталуда. Мемлекеттік қолдаудың жаңа қағидалары 2023 жылдан бастап күшіне енеді деп болжануда», - деп хабарлады 2022 жылдың қыркүйегінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.
2026 жылға дейін егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Мұндай шара қант саласын дамытудың кешенді жоспарында көрсетілген.