Қарапайым заттар экономикасы

АӨК Жеке кәсіпкерлік субъектілері Кредит беру
0  
Қарапайым заттар экономикасы

«Қарапайым заттар экономикасы» импортталатын әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары мен азық-түлікті жеке өндіру үшін құрылған. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлерді қолдайды, бәсекеге қабілетті өндірістер құруға жәрдемдеседі және Қазақстан Республикасының импортқа тәуелділігін төмендетеді.

Қарыз валютасы - теңге.

Сыйақы мөлшерлемесі - 8%-дан бастап.

Қарыз мерзімі - 10 жылға дейін.

Максималды сомасы - шектеусіз.

«Қарапайым заттар экономикасына» елдің 9 ірі банкі мен Аграрлық несие корпорациясы қатысады. Мемлекет кәсіпкерлерге кредиттерді субсидиялайды, түпкілікті мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетеді. Қаржыландырудың жеңілдетілген шарттары кәсіпкерлерге жаңа өндірістер ашуға немесе қолданыстағы өндірістік желіні жаңартуға мүмкіндік береді. «Қарапайым заттар экономикасының» қолданылу мерзімі 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды.

«Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес кәсіпорны) кәсіпкерлерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қаржы агенттері арқылы жеңілдікті қаржыландыруды ұсынады.

Бағдарламаның қаржы агенттері («Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ қаржыландыру желісі бойынша): «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jusan bank» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Кім кредит ала алады: жеке кәсіпкерлік субъектілері (шағын, орта және ірі бизнес).

Нысаналы мақсаты: инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру. Айналым қаражатын жаңартылатын негізде толықтыруға жол беріледі

Бағдарламаның толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер