«АгроБизнес» бағдарламасы - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және кредиттік берешекті қайта қаржыландыруға кредит беру.
Нысаналы мақсаты:
- негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілерді жаңғырту;
- құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде қайта құру;
- айналым қаражатын толықтыру (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қоспағанда).
Мерзімі
Меншікті және/немесе тартылған қаражаттан:
- негізгі құралдарға/құрылыс-монтаждау жұмыстарына - 120 айға дейін;
- айналым қаражатына - 48 айға дейін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан:
144 айға дейін (тек инвестицияларға тікелей кредит беру үшін).
Сомасы
қарыз алушыға 1 млн теңгеден (ҚР Ұлттық қорының қаражатынан – 50 млн теңгеден) 5 млрд теңгеге дейін, қарыз алушылар тобына/кредиттік серіктестікке 10 млрд теңгеге дейін.
Мөлшерлеме
Меншікті және/немесе тартылған қаражаттан:
- Тікелей кредитт беру - жылдық 22% (ЖТСМ – жылдық 22%-дан бастап).
- КС/МҚҰ/ЛК/ЕДБ/ЕАДБ/ӨИО– жылдық 18% (ЖТСМ – жылдық 18%-дан бастап) (КС/ЛК/ЕДБ/ЕАДБ/ӨИО қарыз алушыларға кредит беруі кезінде – маржа 4%-дан артық емес; МҚҰ қарыз алушыларға кредит беруі кезінде - маржа 10%-дан артық емес).
- ҚР Ұлттық қорының қаражатынан - жылдық 6% (ЖТСМ - жылдық 6%-дан бастап) (тек инвестицияларға тікелей кредит беру үшін).
Қамтамасыз ету
Тікелей кредит беру, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары – қоғамның кепіл саясатына сәйкес.