«Іскер» бағдарламасы — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдері бойынша сервистік-дайындау қызметтерін ұйымдастыруға, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамытуға кредит беру.
Нысаналы мақсаты
- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тікелей қарыз алушылар мен кредиттік серіктестіктерге кредит беру;
- Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде мемлекеттің қатысуымен микроқаржы ұйымдарына кредит беру.
Мерзімі
Нәтижелі жұмыспен қамту:
- 60 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көрсетілген мерзімнен артық емес;
- мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелеріне (ЖК, ШҚ/ФҚ) кредит беру үшін;
- 84 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көрсетілген мерзімнен артық емес.
Жұмыспен қамту жол картасы:
- 120 айға дейін (микроқаржы ұйымдарының түпкілікті қарыз алушылары үшін - 60 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көзделген мерзімнен артық емес;
- мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін - 84 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көрсетілген мерзімнен артық емес).
Жеңілдік кезеңі
1/3 кредит беру мерзіміне дейін, бірақ ЖАО-мен кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта келісілген мерзімнен артық емес.
Сомасы
- Тікелей кредит беру - 8000 АЕК дейін;
- Кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары - 500 000 теңгеден бастап қоғамның меншікті капиталының 25%-на дейін.
Мөлшерлеме
Нәтижелі жұмыспен қамту:
- Тікелей кредит беру – жылдық 6% (ЖТСМ– жылдық 6%-дан бастап), аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ШҚ) – жылдық 4%-дан артық емес (ЖТСМ - жылдық 4%-дан бастап).
- Кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары - жылдық 2% (ЖТСМ - жылдық 2%-дан бастап) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме – жылдық 6%-дан аспайды, ЖТСМ - жылдық 6%-дан аспайды), аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ФҚ) - жылдық 4%-дан артық емес (ЖТСМ - жылдық 4%-дан бастап).
Жұмыспен қамтудың жол картасы:
Мемлекет қатысатын микроқаржы ұйымдары – жылдық 2% (ЖТСМ – жылдық 2%-дан бастап) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме – жылдық 6%-дан аспайды, ЖТСМ - жылдық 6%-дан аспайды).
Қамтамасыз ету
Тікелей кредит беру, кредиттік серіктестіктер – қоғамның кепіл саясатына сәйкес.
Микроқаржы ұйымдары:
- қоғамның кепіл саясатына сәйкес;
- өңірлік инвестициялық орталық кепілдігімен;
- қоғамның белгіленген талаптарына сәйкес болған кезде қамтамасыз етусіз.