«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беру бағдарламасы

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Өсімдік шаруашылығы Кредит беру
0  
«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беру бағдарламасы

«Кең дала» бағдарламасы - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен АӨК субъектілеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру.

Нысаналы мақсаты

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру.

Мерзімі

Қаржыландыру жылынан кейінгі жылдың 01 наурызына дейін.

Сомасы

  • КС үшін - 1 млн. теңгеден 10 млрд. теңгеге дейін;
  • ӨИО/МҚҰ/ЕДБ үшін - 1 млн теңгеден бастап қоғамның меншікті капиталының 25%-ына дейін.

Мөлшерлеме

Жылдық 1,5% (ЖТСМ - жылдық 1,5%-дан бастап)
(КС/ӨИО/МҚҰ/ЕДБ қарыз алушыларына кредит беру кезінде - маржа 3,5%-дан артық емес)

Қамтамасыз ету

  • Кредиттік серіктестіктер – қоғамның кепіл саясатына сәйкес;
  • ӨИО - қамтамасыз етусіз;
  • Микроқаржы ұйымы - ӨИО/ЕДБ кепілдігі;
  • Екінші деңгейдегі банктер– қамтамасыз етусіз.
Жүктелуде...
Біздің серіктестер