Ұсақ малды сақтандыру

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Мал шаруашылығы Сақтандыру
0  
Ұсақ малды сақтандыру

2023 жылы фермерлерден шарт жасасуға өтінімдер Kezekte.kz сайтында қабылданады.

Аграрлық несие корпорациясы сақтандыру бағдарламасының операторы болып табылады.

Фермерлер үшін сақтандыру шартының құны мемлекеттік субсидиялау есебінен 80%-ға төмендейді.

Сақтандырудың негізгі процестері:

  1. Клиент (сақтанушы/пайда алушы) порталда ЭЦҚ көмегімен электрондық сақтандыру шартын жасасады.
  2. Сақтандыру жағдайы басталған кезде клиентке онлайн режимде портал арқылы сақтандыру оқиғасының басталғаны туралы электрондық хабарлама беру мүмкіндігі беріледі.

Сақтандыру аумағы

Ұстау орны: ҚР, облыс, аудан, кент, сақтанушыға тиесілі ұсақ малды ұстауға арналған ферманың қоршалған аумағы.
Жайылым орны: ҚР, облыс, аудан, ұсақ малды жаюға арналған жайылымдар, жоспар-схемаға сәйкес.

Сақтандыру тарифі:

  • 2.38%-дан ,.08%-ға дейін (1-өнім - сақтандыру аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруының өршуін тіркеу кезінде алып қоюды өтеумен);
  • 4.76%-дан 6.16%-ға дейін (2-өнім - 5 км радиуста сақтандыру аумағынан тыс жерлерде жануарлардың аса қауіпті ауруының өршуін тіркеу кезінде алып қоюды өтеумен).

Сақтандырылған бастардың санына байланысты залал мәлімделген жануарлар арасынан 1 бастың орташа сақтандыру құнының мөлшеріне дейін 0.8%-дан франшиза.

Сіз сайтта сақтандыру туралы толығырақ біле және сақтандыруға өтінім бере аласыз.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер