Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Өсімдік шаруашылығы Сақтандыру
0  
Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2021 жылғы № 271 бұйрығымен Аграрлық несие корпорация агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыру саласындағы оператор болып айқындалды.

«Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына енгізілген өзгерістер шеңберінде 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап субсидиялау АӨК сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасынан 80%-ды құрады.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер Agroinsurance ақпараттық сервисінде электрондық цифрлық қолтаңба негізінде жүргізіледі.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бұл сервис Kezekte.kz платформасында орналастырылды. Онлайн сақтандыруға қатысу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін Kezekte.kz платформасында тіркеуден өтуі қажет және абоненттік төлемді төлеуі тиіс, ол 2023 жылы 10 АЕК құрады.

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру:

  1. Топырақтың ылғалдылық тапшылығы индексін сақтандыру (2 кезең) (паспорт 1).
  2. Топырақтың ылғалдылық тапшылығы индексін сақтандыру (3 кезең) (паспорт 2).
  3. Топырақтың артық ылғалдылық индексін сақтандыру (паспорт 3).
  4. Күздік дақылдар үшін топырақ ылғалдылығының тапшылығы индексін сақтандыру (3 кезең) (паспорт 4).
  5. Жайылым биомассасы деңгейінің индексін сақтандыру (паспорт 5).
  6. Көпжылдық екпелерді сақтандыру - алма ағаштары (паспорт 13).
  7. Алма өнімін сақтандыру (паспорт 14).

2023 жылғы қаңтарда топырақ ылғалдылығының тапшылығын (2 кезең, 3 кезең) және топырақтың артық ылғалдылығын индекстік сақтандыру өнімдеріне мынадай өзгерістер енгізілді (паспорттар 1, 2, 3):

  1. 2023 жылғы маусымға арналған триггерлер қайта бекітілді.
  2. Сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының тізіміне өзгерістер енгізілді.
  3. Сақтандыру тарифтерін көтеру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Қолданыстағы бағдарламалар:

Жүктелуде...
Біздің серіктестер