Қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау және ҚҚС-ты өтеу

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Қайта өңдеу Субсидиялау
0  
Қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау және ҚҚС-ты өтеу

Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алу шығындарын субсидиялауға электрондық түрде өтінім беру.

«Өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

«Электрондық үкімет» веб-порталы мен СМАЖ ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) қайта өңдеу кәсіпорны берген және ЭЦҚ қойылған өтінімді СМАЖ-да тіркеу;

3) СМАЖ және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде қайта өңдеу кәсіпорынының ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын растау (өткен жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген ауыл шаруашылығы өнімін берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).

www.qoldau.kz сайтында өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қою. Тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштада көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына да түзетулер енгізілді:

  • дайын өнімді өткізу фактісі бойынша субсидиялар төлеу субсидиялаудың ақпараттық жүйесінен тартылатын электрондық шот-фактуралармен расталатын болады. СБМАЖ-да (АӨК субсилиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде) мұндай шот-фактуралардың болуы сары май өндіру фактісін растайды және айла-шарғы үшін ешқандай мүмкіндіктерге жол бермейді;
  • субсидияларды жосықсыз алушыларға қатысты тиісті ден қою шаралары көзделеді, мысалы, белгілі бір уақыт кезеңіне субсидиялар алушылардың тізілімінен шығару.

2022 жылдың соңына дейін қолданыста болған қағидалар бойынша сүттің сатып алу бағасы келесідей субсидияланды: сары май өндіру үшін – 40 теңгеге (мұнда және одан әрі – 1 кг сүт шикізаты үшін), қатты ірімшік өндіру үшін - 24 теңгеге, құрғақ сүт өндіру үшін – 21 теңгеге дейін. Егер бұрын мемлекеттік қолдау өндіріс көлеміне қарай есептелген болса, онда 2023 жылдан бастап нормативтер тек сатылған өнімге ауыстырылды.

АШМ түсіндірме жазбасында айтылғандай:

«Қолданыстағы қағидаларда сүт және сүт өнімдерінің сары май, қатты ірімшік және т.б. түрлерін сатудан гөрі өндіріс көлемін субсидиялау көзделеді. Қолданыстағы норма негізінен нарықта шикізаттың, яғни шикі сүттің өткір тапшылығы сезілетін маусымаралық кезеңде сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі проблемасын шешуге бағытталған. Субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасында ішкі нарықта сары майдың, құрғақ сүттің және қатты ірімшіктің өткізілген көлеміне субсидиялар төленетін норма көзделген. Ұсынылған тәртіп субсидияларды алу мерзімін іске асыру сәтіне дейін біршама ұзартуы мүмкін, алайда сүт зауыттары сүттің расталған көлемі бойынша субсидиялар алады»

Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз https://subsidies.qoldau.kz/ru/subsidies/recycling/info.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер