Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Техника және технологиялық жабдықтар Субсидиялау
0  
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 тамыздағы №21050 болып тіркелді

Субсидиялар ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға, жайылымдарды, суару жүйелерін, құрама жем зауытын суландыру инфрақұрылымын құруға, қарқынды бақтар, жеміс қоймаларын салуға, бордақылаушыларды, МТФ және басқаларын құруға және кеңейтуге жұмсалған шығындар құнының 25-50%-ын өтеуге төленеді.

  1. АӨК субъектісі субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне PDF (Portable Document Format) форматындағы құжаттарды тіркеу арқылы электрондық өтінім береді.
  2. Өтінімдерді қабылдау «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)» №4 және «Суару жүйелерін құру мен кеңейту және тамшылатып суару» №11 жобаларының паспорттары бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 15 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер: сатып алу-сату шарты, енгізу және қабылдау актісінің көшірмелерімен, электрондық шот-фактура, статистикалық нысанның көшірмелерімен (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) расталады.
  3. Жұмыс органы инвестор өтінімді тіркегеннен кейін оның қабылданғанын растайды. №1 жобаның паспортын қоспағанда, жобалардың барлық паспорттары бойынша мамандар тобы (жайылымдарға арналған қоршаудан басқа): - құжаттарды тексеруді жүзеге асырады; - растайтын фотосуреттер мен бейнематериалдарды міндетті түрде қоса бере отырып, инвестор объектісін тексереді; - жобаның сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы электрондық қорытынды дайындайды.
  4. Инвестициялық субсидиялау шартына және тауарды нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімге қол қою.
  5. Инвестициялық субсидиялар сомасын жұмыс органы инвестордың есеп шотына немесе инвестордың келісімімен қаржы институтына, инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне аударады.

www.qoldau.kz сайтында өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қою. Тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштада көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер