СУБСИДИЯЛАР АЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
- Ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі немесе кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17%-дан аспайтын мөлшерде;
- максималды сомасы 1,5 миллиард теңгеден артық емес;
- нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға негізгі құралдарды сатып алу, салу, айналым қаражатын толықтыру болып табылады.
КЕПІЛДІК
- Кепілдік бергені үшін комиссия кепілдік сомасынан 30%- %-дан артық емес, бұл ретте кепілдік сомасының 29,9%-ынан аспайтын біржолғы субсидиялау жүзеге асырылады
Кепілдік беру бойынша субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
- кепілгер кепілдік шартын жасасқаннан кейін «электрондық үкімет» веб-порталының субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы арқылы қағидаларға сәйкес нысан бойынша кепілдік беру бойынша субсидия алуға өтінімді электрондық түрде береді;
- субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кепілдік беру бойынша субсидия алуға өтінімді тіркеу;
- деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кепілгерде дербес шотының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде болуы.
САҚТАНДЫРУ
- Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының 30%-%-ынан аспайды, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының 50%-ынан аспайтын біржолғы субсидиялау жүзеге асырылады.
Ұсыныс берілгенге дейін 30 жұмыс күнінен бұрын жасалған сақтандыру шарттары субсидиялауға жатпайды.
Сақтандыру бойынша субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
- сақтандыру ұйымының «электрондық үкімет» веб-порталының субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы арқылы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша сақтандыру бойынша субсидиялауға өтінімді электрондық түрде беруі.
- сақтандыру бойынша субсидиялауға өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
- қарыз алушының және сақтандыру ұйымының дербес шотын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде олардың деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған болуы;
- Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жасалған агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде сақтандыру бойынша берілген субсидиялауға арналған өтінім бойынша жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) субсидиялау шартының веб-порталда болуы.