Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Техника және технологиялық жабдықтар Субсидиялау
0  
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы.

Субсидиялау қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету түрінде жүзеге асырылады:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты, ауыл шаруашылығы жануарларын, негізгі құралдарды сатып алуға (ұн, минералды су және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда);

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға;

3) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген қарыздар бойынша.

СУБСИДИЯЛАР АЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

  1. Ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы жануарларын, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа, өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыз жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде теңгемен жүзеге асырылады.
  2. Ұсынысты қарау кезінде қарыз шартын жасасу сәтінде қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.
  3. Қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 (алты)%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің сомасы плюс жылдық 7,5% және қарыз алушы төлеген теңгемен 6% арасындағы айырма нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.
Жүктелуде...
Біздің серіктестер