Тауарлық кредит

АӨК субъектілері Ауыл шаруашылығы өндірушілері Өсімдік шаруашылығы Кредит беру
0  
Тауарлық кредит

Тауарлық кредит есебінен АШТӨ одан әрі сату мақсатында Корпорациядан астық алады. АШТӨ түскен қаражатқа ВПР жүргізуі керек.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тауарлық кредит беру ӘКК және ЕДБ кепілдігімен жүзеге асырылады.

Тауарлық кредитті АШТӨ Корпорацияның өзге бағдарламалары шеңберінде қаржыландыру алу кезінде мәлімделген егіс алаңын шегергенде, 1,5 гектар егіс алаңына 1 тонна АШӨ есебімен береді.

Тауарлық кредитті қайтару мерзімі - 2023 жылғы 1 қарашаға дейін. Тауарлық кредитті пайдаланғаны үшін заттай мәндегі комиссияның мөлшері пайдалану мерзіміне байланысты шартта белгіленеді.

Корпорациямен тауарлық кредит беру туралы шарт жасасу үшін әлеуетті өнім берушілер растайтын құжаттармен бірге корпорацияның облыстық өкілдіктеріне өтінімдер береді (корпорацияның облыстық өкілдіктерінің мекенжайлары www.fcc.kz сайтында жарияланған).

АШТӨ арасында тауарлық кредитті әділ бөлу мақсатында әлеуетті өтініш берушілердің 2023 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына ұқсас барлық өтінімдері облыстар әкімдіктері жанындағы үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберіледі.

Мақсатты пайдалану. АШТӨ 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Корпорацияға (облыстық өкілдіктерге) «Егін егу қорытындылары туралы есеп» 4-АШ статистикалық нысанының (жылдық) көшірмелерін ұсынады.

Тауарлық кредиттің көлемі берілген өтінімдердің саны мен көлеміне қарай айқындалады.

Тауарлық кредит беру қағидаларын сілтеме бойынша көруге болады.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер