Rostselmash F 1500 комбайны

Комбайн Жемшөп жинау комбайны RSM (Rostselmash)

Комбайн

Техниканың категориясы

Жемшөп жинау комбайны

Техниканың түрі

RSM (Rostselmash)

Бренд
0  
Rostselmash F 1500 комбайны
harvester-model-F-1500

Rostselmash брендінің F 1500 жем-шөп жинау комбайны сүрлемдік жем-шөп дақылдарының барлық түрлерін жинауға арналған.

Техникалық сипаттамалары

  • қуаты 510 а.к.;
  • өнімділігі 160 тонна/сағ дейін;
  • отын шығыны 0,69 л/т;
  • маусымда жем-щөп дайындау 20 мың тонна.

Қозғалтқыш:

  • өндіруші — ЯМЗ;
  • қозғалтқыш түрі — 65804;
  • номиналды қуаты, а.к. — 510;
  • отын багының сыйымдылығы, л — 750.
ЯМЗ-65804
ЯМЗ-65804

Қоректендіру аппараты:

  • Ені, мм — 680;
  • біліктер саны — 4;
  • біліктердің жетек түрі — механикалық;
  • 16 пышақпен кесу ұзындығының диапазоны, мм — 6/11/15/26.

Төрт кесу ұзындығының бірін орнатуға болады: толық пышақ жиынтығымен 6/11/15/26 мм немесе 1/2 пышақ жиынтығымен 12/22/30/52 мм. Бергіш біліктердің тарақтарындағы қосымша төсемдер материалды берудің агрессивтілігін өзгертуге мүмкіндік береді.

Ұнтақтау барабаны:

F 1500 жем-шөп жинайу комбайндарында шевронмен төрт қатарға орналастырылған 32 пышағы бар ұсақтау аппараты қолданылады.

  • Барабанның диаметрі — 630 мм, айналу жиілігі — 1 200 айн/мин.
  • Кесу ұзындығын ұлғайту үшін пышақтардың 1/2 жиынтығымен жұмыс істеуге болады.
  • Күшейтілген шетмойындар мен мойынтіректер кескіш аппараттың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
  • Ұнтақтау аппаратының түбіндегі саңылау автоматты түрде реттеледі.
  • Қайрау құрылғысы пышақтарды қайрау жылдамдығын екі есе арттырады.
Ұнтақтау аппараты
Ұнтақтау аппараты

Слайдер түрдегі қосымша ұнтақтағыш

F 1500 комбайндарында жұмысқа қосымша ұнтақтағышты енгізу гидравликалық жетекпен жүзеге асырылады. Ұнтақтағыштың слайдер конструкциясы шөптерді жинауға көшкен кезде оны бөлшектеуді қажет етпейді.

  • Күшейтілген мойынтіректер тораптың сенімділігін арттырады.
  • Біліктердің саңылауын реттеу кабинадан жүзеге асырылады.
Слайдер түрдегі қосымша ұнтақтағыш
Слайдер түрдегі қосымша ұнтақтағыш


Rostselmash F 1500 жұмыс органдарының жетегі

Мотор қондырғысы редуктормен және ілінісу муфтасымен жабдықталған. Редуктор ГСТ сорғыларын, жоғары және төмен қысымды гидравликалық жүйелерді басқаруға қызмет етеді. Муфтаны қолдану қозғалтқыштың иінді білігінен ұнтақтау аппараты мен масса үдеткішінің жетегіне қуат алуға мүмкіндік береді.

  • Негізгі жұмыс органдары жетегінің энергия тиімділігі мотор білігінен қуатты тікелей беру арқылы қамтамасыз етіледі.
  • Қоректендіргіш біліктердің жетек редукторы ұнтақтау барабанының білігінен белдік берілісімен басқарылады. Бұл біліктер мен барабанның жылдамдығын синхрондауға және кез келген жүктеме кезінде кесу ұзындығын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
Жұмыс органдарының жетегі
Жұмыс органдарының жетегі

Түсіру құрылғысы:

  • үдеткіш роторының диаметрі, мм — 540;
  • ротордың айналу жылдамдығы, айн./мин — 2400;
  • сүрлемнің бұрылу бұрышы, град. — 180.

Жүріс бөлігі:

  • трансмиссия —гидростатикалық;
  • көлік жылдамдығы, км/сағ — 25;
  • жетекші доңғалақ шиналарының түрі — 605/65R26;
  • басқарылатын доңғалақ шиналарының түрі — 18,4R24.

Жалпы өлшемдері:

Ұзындығы/ені/биіктігі, мм — 6860/3227/3866.

Тарихы

2019 ж.Rostselmash компаниясының F 1500 сериялы жем-шөп жинау комбайнын шығару.

Ростсельмаш ресми сайты: https://rostselmash.com/

Жүктелуде...
Біздің серіктестер