Lemken брендінің Karat 12 қопсытқышы 30 см тереңдікте ауыр топырақты соқасыз әдіспен таяз және терең өңдеуге арналған.
Техникалық сипаттамалары
- Қамту ені 4-7 м.
- Тракторлардың қуаты180-595 а.к.
- 4 қатарлы тістер.
- Ортада орналасқан көлік шассиі.
- Арқалықтар арасындағы қашықтық 90-80-90 см.
- Қатар аралығы 23,4 см.
Lemken брендінің Karat 12 қопсытқышының базалық жинағы бар:
- интеграцияланған жартылай аспалы жүйе;
- 550/45-22.5, 1.070х550 мм дөңгелектері бар өс;
- 3 санатындағы ілмек білігі (немесе 4N=L3 Z4 санат);
- шамадан тыс жүктемеден автоматты қорғанысы бар тез ауыспалы тістер;
- KL 10 бағыттаушы тақтайшасы бар (ені 100 мм) K12P (ені 120 мм) бағытталған түрен жүздері;
- рама биіктігі 80 см;
- гидравликалық реттелмелі тірек доңғалақтары 11.5/80-15.3, 845x290 мм;
- кесілетін бұрандамасы бар дисктер;
- көлік жағдайында гидравликалық құлыптау;
- тереңдікті гидравликалық реттеу.
Lemken ресми сайты: https://lemken.com