Трактор
Техниканың категориясыДөңгелекті трактор
Техниканың түріRSM (Rostselmash)
БрендRostselmash брендінің ауыл шаруашылығына арналған толық жетекті тіркеп сүйрейтін 2400 тракторы егістігінің ауданы 1500 га басталатын шаруашылықтар үшін ауыл шаруашылығы жұмыстарының кең спектрінде пайдалануға арналған.
Доңғалақты топсалы-мүшеленген 2400 тракторында 42 градусқа көлденең жазықтықта «сынатын», Rostselmash 2000 сериялы машиналардың жақтауы бар, ал екі оське – 38 градусқа қосақталған доңғалақтар орнатқан кезде бұрылу диаметрі 8,69 м және 9,73 м құрайды. Қоршаған орта температурасы -30...+45 ° С болғанда кез келген агроклиматтық жағдайларда жұмыс істеуге шамаланған.
Қозғалтқышы:
Трансмиссиясы
12×4 механикалық трансмиссиясы стандартты жинаққа жатады, 3 жылдамдық диапазонымен жабдықталған. Әрбір диапазонның 4 сәйкестендірілген жылдамдығы бар. Қозғалтқыш 1600-1900 айн/мин айналғанда трактор отын шығыны бойынша ең жақсы көрсеткішті қамтамасыз етеді.
Гидравликалық жүйесі
Тартушы білеуі және аспалы құрылғысы
Трактордың максимум пайдалану салмағы 19 700 кг.
Өлшемдері
2019 ж. — Rostselmash компаниясының 2400 тракторларын шығару басталды.
«Біз RSM 2375 орнына RSM 2400 тракторын қуаты көбірек болғандықтан таңдадық. Егер 2375 тракторында 380 а.к. болса, онда 2400 тракторында – енді 405. Иә, айырмашылық аз сияқты, бірақ бір соқа тұрқы ана жаққа, екіншісі мына жаққа - енді екеу болды. Сонымен бірге отын шығыны да іс жүзінде бірдей. Оның үстіне, маған жабдығы ұнады, үрлеп тазалауға арналған компрессор да бар. Қазір трактор дискілеумен жұмыс істейді. Бізге ұнайды. Оған DV 1000 ауыр тырмасын сатып алдық. Маусымның аяғында көреміз, егер бәрі ойдағыдай болса, дәл осындай тағы бір трактор алуды жоспарлап отырмыз», - дейді Воронеж облысынан Г.В.Бондаренко шаруа-фермерлік шаруашылығында.
«Біздің паркімізде RSM 2000 сериялы тракторлардың екі модификациясы да бар: RSM 2375 және RSM 2400. 2400 тракторын қуатының сәл жоғары болуына байланысты алдық, жабдығы ұнады, сонымен бірге механикалық беріліс қорабы да қолайлы болды. Машина қазір 16 метрлік қопсытқышпен жұмыс істеп жатыр. Өңдеу тереңдігі 5-7 см болғанда 13-14 км/сағ жылдамдықта жеңіл жүреді, 16 км/сағ жылдамдықта да қозғалмай жұмыс істей алады, бірақ бұл операторға қиын - көпірлер қатты. Ал біздің жеріміз қатты және құрғақ. Соған қарамастан, ол 150-200 гектарды жасайды», - деп бөлісті Волгоград облысынан жеке кәсіпкер Вьюников И.А.
Ростсельмаш ресми сайты: https://rostselmash.com/