Берта жүгері сұрпы

Ақтөбе Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Павлодар Жүгері Ерте пісетін

Аудандастыру өңірлері:

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысы

Created by CMS:

Шығыс Қазақстан облысы

Өндіруші:

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Аудандастыру өңірлері:

Павлодар

Дақыл:

Жүгері

Пісіп-жетілу тобы:

Ерте пісетін
0  
Берта жүгері сұрпы
Corn-variety-berta
Сұрыптың сипаттамасы
Сұрыптың сипаттамасы

Шығу тегі

Зара С - аналық форма қарапайым стерильді буданын және OL 146 СВ - аталық формасы өзін-өзі тозаңдандыратын желісін будандастыру арқылы алынған.

Сипаттамасы

Берт буданы астық пен сүрлемде өсіруге арналған. Ерте пісетін будан (ФАО 150). Үш желілі будан. Вегетациялық кезең 99 күн.

Апробациялық белгілер

Төменгі собықтың бекітілу биіктігі 56 см. Өсімдіктердің биіктігі орта есеппен 246 см. Будан жапырақ алақаны мен сабақ арасында кішкене бұрышы бар иілген жапыраққа ие. Сіпсебасының қабыршағының антоциан түсі жоқ. Сіпсебасының негізгі осі мен бүйірлік бұтақтар арасындағы бұрыш кішкентай. Бүйірлік бұтақтары түзу. Бастапқы бүйірлік бұтақтардың саны - аз (5-7). Жібек 60% антоциан түссіз және 40% антоциан түсімен. Сіпсебасының негізгі осі орташа (28 см-ге дейін). Сіпсебасының бүйір бұтақтары - ұзын (30 см-ге дейін). Собық сәл конустық, орташа (20 см), қысқа аяғы бар ( 5-8 см), дәндердің орташа саны (14-16). Дәні жоғарғы және төменгі бөлігінде сары, аралық тіс тәрізді. Собықтың сабағы орташа антоциан түсімен.

"Берта" жүгері сұрпының өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша будан Күршім МСС-да сыналды. Астықтың орташа өнімділігі 106,4 ц/га құрады. Қалыпқа келтірілген құрғақ заттың өнімділігі орта есеппен 164,5 ц/га құрайды. Егін көгінің орташа өнімділігі 468 ц/га құрайды. Құрғақ заттың орташа мөлшері 30,5 % құрайды.

Ақтөбе облысы бойынша будан Әйтеке би МСУ-де сыналды. Қалыпқа келтірілген құрғақ заттың өнімділігі орта есеппен 44,5 ц/га құрайды. Егін көгінің орташа өнімділігі 104,4 ц/га құрайды. Құрғақ заттың мөлшері 52,6% құрайды.

Павлодар облысы бойынша будан Урлютюб МСС-да сыналды, нормаланған құрғақ заттың өнімділігі орта есеппен 25,5 ц/га, егін көгінің орташа өнімділігі 86 ц/га, құрғақ заттың мөлшері 33,6%.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік

"Берта" жүгері сұрпы жапырылуға төзімді - 5 балл. Зиянкестермен зақымдалмаған.

Сапалық көрсеткіштер

1 мың дәннің массасы - 330-332 г, астықтың шығымы 83%.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Еслепесов көшесі, 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kazniizr@mail.ru

Біздің серіктестер