Дақыл:
КүнбағысCreated by CMS:
Масличная группаӨндіруші:
ҚР-дағы «LIMAGRAIN EUROPE» АҚАудандастыру өңірлері:
Ақмола, СКОПісіп-жетілу тобы:
Среднеранний
"ЛГ 5543 КЛ" күнбағыс сұрпын Limagrain Europe S.A. француз селекционерлері өсірді.
Сипаттамасы
"ЛГ 5543 КЛ" күнбағыс сұрпы орта ерте пісетін будан.
Апробациялық белгілер
Cleafield жүйесінің буданы. Жапырағы орташа өлшемді, жүрек тәрізді, жасыл, көпіршіктілігі жоқ, аратісі орташа, көлденең қимасы жазықтан дөңеске дейін, бүйір қанат тәрізді сегменттері бар, бүйір талшықтары арасындағы бұрыш түзу. Гүлдену уақыты орташа. Тілшікті гүлі сары. Тұқымшасы орташа, тар жұмыртқа тәрізді, орташа қалыңдықта.
"ЛГ 5543 КЛ" күнбағыс сұрпының өнімділігі
Орташа өнімділік 30,4 ц/га құрады. Өсіру үшін ұсынылады (II-қара талшын топырақтарының аймағы) (Шортанды МСУ).
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
ЛГ 5543 КЛ күнбағыс сұрпының төгілуге, жапырылуға және құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің орташа массасы 114,0 г, 1 себетшеден алынған дәннің массасы 112,0 г, өсімдіктің биіктігі 140,0 см. Орташа май мөлшері 38,4 %, қауызы 33,4 %. Азық-түлік бағыты (өсімдік майы).
Өндіруші/өтініш беруші
"Лимагрейн Еуропа" АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігі.
Мекенжайы
010010 Астана қ., Қазақстан, Күйші Дина көшесі 17, 506-кеңсе
Тел. 7 (7172) 400 498,
e-mail: kniish@kniish.ru