Эритроспермум бидайы сұрпы 350

Бидай Жұмсақ бидай «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Алматы Среднеспелый Күздік бидай

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Өндіруші

Алматы

Аудандастыру өңірлері

Среднеспелый

Пісіп-жетілу тобы

Күздік бидай

Дақыл
0  
Эритроспермум бидайы сұрпы 350
Wheat-variety-Erythrospermum-350
Сұрыптың тегі Ферругинеум 356 (Қылтанақсыз 1)
Пісіп-жетілу тобы Орташа піскен
Вегетациялық кезең, күн 270-290
1000 дәнің салмағы, г 44,2-46,4
Өнімділігі, ц/га 65,6-90,5
Аудандастыру аймақтары Алматы.

Шығарылған жері

“Эритроспермум 350” бидай сұрпы түрішілік будандастыру әдісімен жасалған, содан кейін жекелеп іріктелген Ферругинеум 356 (Қылтанақсыз 1).

Сипаттамасы

“Эритроспермум 350” бидай сұрпы орташа пісетін. Вегетациялық кезеңі – 270-290 күн.

Апробациялық белгілер

Erythrospermum (эритроспермум). Масағы тік, құрылымы тығыз, ұзындығы 8-10 см, қылтанақтары қысқа, масағының ұзындығымен бірдей, масағының түсі ақ. Өнімді түптілігі 3,3-4,5 дана.

“Эритроспермум 350” бидай сұрпының өнімділігі

Өнімділігі 65,6-90,5 ц/га.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

“Эритроспермум 350” сұрпының қысқа төзімділігі 96-98% құрайды. Сұрып жатып қалуға және аңызақ желге төзімді, төгілмейді, сұрыптың құрғақшылыққа төзімділігі орташа.

Ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері

1000 дәннің салмағы 44,2-46,4 г. Ақуыз мөлшері 13,7, ұнға тартылу және наубайханалық сапасы: альвеограф көрсеткіші 263 ДЖ, нан көлемі 1000 мл, сапа көрсеткіші 4,1 балл.

Өндіруші/өтініш беруші

“Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kshosagrootdel@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер