«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС
ӨндірушіАлматы
Аудандастыру өңірлеріКүздік бидай
ДақылЖамбыл
Аудандастыру өңірлеріҚызылорда
Аудандастыру өңірлері“Наз” бидай сұрпы – “Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының” қазақстандық селекционерлері өсірген жұмсақ сұрыпты күздік бидай.
Сұрыптың тегі | 276402/Богарная-56//Днепровская-521/3/Дакота |
---|---|
Пісіп-жетілу тобы | Орташа ерте пісетін |
1000 дәнің салмағы, г | 35,9-40,8 |
Өнімділігі, ц/га | 23 |
Аудандастыру аймақтары | Алматы, Жамбыл, Қызылорда. |
Шығарылған жері
“Наз” бидай сұрпы 276402/Богарная-56//Днепровская-521/3/Дакота буданды популяциясынан жекелеп іріктеу әдісімен жасалған.
Сипаттамасы
“Наз” бидай сұрпы орташа ерте пісетін, орташа бойлы, жоғары өнімді. Сұрыптың ерекшелігі ерте көктемде түптеп-қопсыту деңгейінің жоғары болуы және арамшөптерді жылдам көлеңкелеуі болып табылады, сол себепті ұсынылған технологиялар сақталған кезде егістікті гербицидтермен бүркуді қажет етпейді.
Апробациялық белгілер
Барбаросса түрі. Масағы қызыл, қылқанды, қылқандары қызыл, қабыршақтары түкті, дәні қызыл. Масағы пирамида сияқты, ұзындығы 11-13 см, масағының тығыздығы (10 см өзекшеге — 21-23 масақша), қылқандары 7-8 см, сәл иілген, шашыранды, қызыл. Дәні жартылай дөңгелек, орташа, түбі түкті, терең емес жырашығы бар. Сабағының қалыңдығы орташа, берік. Жапырақтары түкті емес, жасыл. Бұтаның пішіні жартылай тік.
“Наз” бидай сұрпының өнімділігі
Тәлімі егіншіліктің 3 жылдық сынақ кезеңіндегі орташа өнімділігі 23 ц/га құрайды.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі
“Наз” бидай сұрпы сары, қоңыр және сабақ татына өте төзімді. Ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі аймақта себу кезінде, тіпті қатерлі жылдары да ол толыққанды астық түзеді, өсімдік биіктігін төмендетпейді, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді.
Ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері
1000 дәннің салмағы 35,9-40,8 гр, натурасы 806 г/л, ақуыз мөлшері 15%, шикі дәнмаңызы 39,4%. Бағалы бидай түріне жатады. Наубайханалық бағаламасы жақсы.
Өндіруші/өтініш беруші
“Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС.
Мекенжайы
040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,
Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,
e-mail: kshosagrootdel@mail.ru
“Қазақстанның оңтүстігіндегі күздік бидайдың бүгінгі таңдағы ең танымал сұрпы - бұл “Стекловидная 24”. Сондай-ақ, “Богарная 56”, “Наз”, “Қарлығаш”, “Алмалы” сұрыптары кең таралған. Әрине, осы сұрыптардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, ал фермерлер егістіктерін өздерін жақсы жақтарынан көрсеткен түрлерін таңдайды”, — деді Бауыржан Қалибаев.
“Өнімділігіне келетін болсақ, қолайлы жағдайда Қазақстанның оңтүстігіндегі күздік бидайлардың 40-60 ц/га көрсеткішіне қол жеткізуге болады”, — деді Бауыржан Қалибаев.