КазНИИР-5 күріш сұрпы

Қызылорда ТОО «Казахский НИИ рисоводства им. И. Жахаева» Күріш Среднеспелый

Қызылорда

Аудандастыру өңірлері

ТОО «Казахский НИИ рисоводства им. И. Жахаева»

Өндіруші

Күріш

Дақыл

Среднеспелый

Пісіп-жетілу тобы
0  
КазНИИР-5 күріш сұрпы
Rice-variety-kazniir-5
Сұрыптың тегі 6АГМС /Казахи-шалы/ Лиман/ Старт// Yar Ai Zhao
Пісіп-жетілу тобы Орташа маусымдық
Вегетациялық кезең, күндер 95
1000 дәннің массасы, г 31
Өнімділік, ц/га 82,8
Аудандастыру аймақтары Қызылорда

Шығу тегі

"КазНИИР-5" күріш сұрпы 6АГМС /Казахи-шалы/ Лиман/ Старт// Yar Ai Zhao буданды популяциясынан жеке іріктеу әдісімен құрылған.

Сипаттамасы

"КазНИИР-5" күріш сұрпының түршесі италика (var. italica Alef.) орташа маусымдық сұрып. Вегетациялық кезең 95 күн.

Апробациялық белгілері

Сабағы орташа қалың, берік, қуыс. Жапырақтың түктілігі жоқ, балауыз жабыны жоқ. Жапырақтың түсі қошқыл жасыл. Сабақ түйіндерінің пішіні сәл дөңес. Құлақтары қысқа. Тілшігі қарапайым, орташа ұзындықта. Сіпсебасы жинақы, көлбеу, түсі ақшыл сары. Сіпсебасының ұзындығы 15-17 см, тығыздығы 9-12 дана/см. Класы: қысқа дәнді дақылдар. Масақтың ортаңғы үштен бір бөлігіндегі масақты қабыршағы қысқа, тізбелі. Нервация әлсіз. Масақты қабыршақтарының түсі түссіз, гүл қабыршақтарының түсі ақшыл сары, қылқандары жоқ. Дәні орташа: ұзындығы 7,6 мм, ені 3,4 мм, қалыңдығы 2 мм. Дәннің пішіні: жартылай дөңгелек, түсі ақ. Ұлпалы дақтың ауданы 10-15% құрайды. Қызыл дәндердің болуы-жоқ.

"КазНИИР-5" күріш сұрпының өнімділігі

Конкурстық сұрып сынақта орташа өнімділік 82,8 ц/га құрайды.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

Тұздануға және су басуға жақсы бейімделу. Төмен температураға төзімді. Жоғары агрофонға жоғары ден қояды.

Ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері

1 мың дәннің массасы - 31 гр. қабықшалығы 17,9%, жарманың жалпы шығымы 69-70%, дәні құлаған кездегі жарманың шығымы 57,6%. Дәмдік қасиеттері жақсы.

Өндіруші/өтініш беруші

"Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

120008 ж. Қызылорда, Абай даңғылы 25"Б",

тел 87242 230563, 230417

e-mail: kz_ris@mail.ru

Практикалық тәжірибе

2015-2016 жж.- Қызылорда облысының шаруашылықтарында күріштің жаңа сұрыптары енгізілді: КазЕр-6 – 500 га, КазНИИР-5 — 46 га, АйСәуле – 8 га; КазЕр-6 — 1,7 тыс. га, АйСәуле — 140 га; арпа: Инкарь, Сыр Аруы — 190 га; жонышқа: Түркістан 15 — 300 га.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер