Дақыл:
КүнбағысCreated by CMS:
МайлыАудандастыру өңірлері:
ПавлодарӨндіруші:
Syngenta AGПісіп-жетілу тобы:
Ерте пісетін
"СИ Арко" күнбағыс сұрпын Syngenta AG ("Сингента") компаниясының швейцариялық селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
Классикалық селекциядан алынған қарапайым будан (FS73050хrd502001P шағылыстыру).
Сипаттамасы
"СИ Арко" күнбағыс сұрпы ерте пісетін, жоғары олеинді будан.
Апробациялық белгілер
Себетшелер кері бұрылған, қатты дөңес, орташа өлшемді, диаметрі 17 см. Дәндері қара, тар жұмыртқа тәрізді, жиекті жолақтары жоқ.
"Си Арко" күнбағыс сұрпының өнімділігі
Павлодар облысы бойынша будан 2019 жылдан бастап Павлодар астық МСУ-де (дала әлсіз құрғақ аймағы) сыналды. Орташа өнімділік 7,2 ц/га құрады (стандартта 5,6 ц/га), 1,6 ц/га немесе 27,6% артық. Ең жоғары өнімділік 2019 жылы – 7,4 ц/га құрады.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
"СИ Арко" күнбағыс сұрпы төгілуге, жапырылуға және құрғақшылыққа төзімді 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің массасы 36,4 гр, бір себетшеден алынған тұқымның массасы 33,6 гр, өсімдіктің биіктігі 90 см. Майдың орташа мөлшері 50,9% құрайды. Майдың гектардан шығуы 320,3 кг құрайды.
Өндіруші/өтініш беруші
Syngenta AG ("Сингента").
Мекенжайы
Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5, "Нұрлы Тау" БО, 2а корпусы, 3-қабат,
тел +7 (727) 277 78 11, +7 (727) 277 78 16 (факс),
e-mail: kz_ris@mail.ru.