Аудандастыру өңірлері:
Шығыс Қазақстан облысыДақыл:
КүнбағысCreated by CMS:
МайлыӨндіруші:
Syngenta AGПісіп-жетілу тобы:
Ерте пісетін"СИ Хронос" күнбағыс сұрпын Syngenta AG ("Сингента") компаниясының швейцариялық селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
Ата-аналық формаларды шағылыстырудың классикалық селекциясынан алынған қарапайым будан (FS77009) x (RD506011KM).
Сипаттамасы
"Си Хронос" күнбағыс сұрпы ерте пісетін будан.
Апробациялық белгілер
Себетшесі тік сабағымен жартылай төмен қарай бұрылған, қатты дөңес, орташа өлшемді. Тұқымшасы орташа өлшемді, дөңгелектелген, орташа қалыңдықты, қара, сұр, әлсіз анықталған жиек жолақтары бар.
"СИ Хронос" күнбағыс сұрпының өнімділігі
Сынақ 2018 жылдан бастап Зырян (таулы орманды дала аймағы) және Шемонаиха (тау бөктеріндегі дала аймағы) МСУ-де өтті. Орташа өнімділік 29,7 ц/га құрады (стандарт 26 ц/га) 3,7 ц/га немесе 14,2%-ға артық. Ең жоғары өнімділік 2019 жылы алынды – Шемонаиха мемлекеттік мекемесінде 40,6 ц/га.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
"СИ Хронос" күнбағыс сұрпы төгілуге, жапырылуға және құрғақшылыққа төзімді 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің массасы 75 гр, бір себетшеден алынған дәннің массасы 105 гр. Орташа май мөлшері 43,8% (стандарт 41,9%). Майдың гектардан шығуы 1145 кг (стандарт 959 кг) 186 кг-ға немесе 19,3%-ға артық.
Өндіруші/өтініш беруші
Syngenta AG ("Сингента").
Мекенжайы
Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5, "Нұрлы Тау" БО, 2а корпусы, 3-қабат,
тел +7 (727) 277 78 11, +7 (727) 277 78 16 (факс),
e-mail: kz_ris@mail.ru.