Восточная Красавица соя сұрпы

Шығыс Қазақстан облысы «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы Соя Среднеранний

Аудандастыру өңірлері:

Шығыс Қазақстан облысы

Өндіруші:

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Created by CMS:

Шығыс Қазақстан облысы

Дақыл:

Соя

Пісіп-жетілу тобы:

Среднеранний
0  
Восточная Красавица соя сұрпы
Soybean-variety-vostochnaya-krasavitsa
Сұрыптың сипаттамасы
Сұрыптың сипаттамасы

Шығу тегі

"Восточная Красавица" соя сұрпы 136-124-56 (Ресей) буданды популяциясынан алынған.

Сипаттамасы

"Восточная Красавица" соя сұрпы орташа ерте, вегетациялық кезең 116 күн.

Апробациялық белгілер

Көшеттер жасыл, тұқымжарнақтың астыңғы қылтасы жасыл. Гүлдену кезеңінде сабағы антоциан түсімен жасыл, негізгі сабағы тік өсетін, қалыңдығы орташа. Өсу түрі жартылай детерминантты. Бұталары жинақы, тарматылығы орташа. Түктенуі қызғылт сары, орташа. Жапырақтары үшбұрышты, дақтары жоқ жасыл, орташа өлшемді. Дәнінің түсі сары, беті тегіс, күңгірт. Төменгі бұршақтарды бекіту биіктігі 11 см, 1 өсімдікте бұршақ саны 24 дана, өсімдіктің биіктігі 79 см.

Восточная Красавица соя сұрпының өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүрі жердегі орташа өнімділік 16,2 ц/га, суару кезінде 23,6 ц/га құрады.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік

Восточная Красавица соя сұрпы жапырылуға, төгілуге және құрғақшылыққа төзімді 4 балл.

Сапалық көрсеткіштер

1000 тұқымның салмағы 129,3 г. Сүрі жердегі ақуыз мөлшері 39,7%, май 24,4% құрайды. Га-дан ақуыздың шығымы 643,1 кг құрайды. Суару кезінде ақуыз мөлшері 40,2, май 24,3% құрайды. Га-дан ақуыздың шығымы 948,7 кг құрайды.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kshosagrootdel@mail.ru, kazniizr@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер