Дақыл:
Алма ағашыCreated by CMS:
Плодовые культурыПісіп-жетілу тобы:
КүзгіАудандастыру өңірлері:
Алматы, Жамбыл, Түркістан
"Джеромини (Jeromine)" алма сұрпын Француз селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
Джеромини (Jeromine) сұрпы Early Red One (Erovan) сұрпының мутациясы нәтижесінде алынған, Ред Делишес клон сұрыптарының тобына жатады.
Сипаттамасы
Джеромини сұрпы қазан айының бірінші онкүндігінен бастап піседі.
Апробациялық белгілер
Ағаш орташа биік, биіктігі 3 метрге дейін өседі, бөрікбасы тығыз, дөңгелек. Ең жақсы тозаңдандырғыштар - «Голден Делишес», «Гала» и «Айдаред» алма сұрыптары болып табылады. Сұрып Қазақстанда өсіру үшін өте жақсы. Ағаштар 3 жылға жеміс береді. Өте өнімді сұрып. Ол жоғары өнімділікке, жақсы тасымалдануға және жемістердің тамаша түріне ие.
"Джеромини" алма ағашының өнімділігі
Ағаштардың өнімділігі - 40 кг/ағаш.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
Джеромини сұрпы топырақ-климаттық жағдайларға тәуелді емес. Ауруларға төзімділік жоғары.
Сапалық көрсеткіштер
Жемістер әдетте үлкен, орташа массасы 170-250 грамм, конустық, симметриялы, 5 шағын қыры бар. Қабығы жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін қою қызыл түске боялған. Мәйегі тығыз қытырлақ, кремді, шырынды, өте тәтті, өте десертті жақсы дәмге ие. Қалыпты жағдайда қаңтар айына дейін, арнайы қоймаларда алты айға дейін сақталады.