Құлагер сұлы сұрпы

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Алматы Овес яровой Овес Среднепоздний

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Өндіруші

Алматы

Аудандастыру өңірлері

Овес яровой

Дақыл

Среднепоздний

Пісіп-жетілу тобы
0  
Құлагер сұлы сұрпы
Oats-variety-Kulager
Сұрыптың тегі Селекциялық нөмір таңдау (971).
Пісіп-жетілу тобы Орта кеш
Вегетациялық кезең, күндер 95-97
1000 дәннің массасы, г 33,0-34,0
Өнімділік, ц/га 57,5
Аудандастыру аймақтары Алматы

Шығу тегі

"Құлагер" сұрпы селекциялық (971) нөмірінен жекелеп іріктеу әдісімен жасалған.

Сипаттамасы

"Құлагер" сұлы сұрпы орта кеш сұрып. Вегетациялық кезең 95-97 күн, өсімдіктердің биіктігі 99-101 см, өнімді түптілігі 2,7 дана. Қураған кезде жапырылуға және төгілуге төзімді.

Апробациялық белгілер

Түршесі Obtusata Al. Сіпсебастағы дәндер саны 66,2 дана, түптің пішіні тік. Жапырағы жалпақ, ұзын, түксіз, сіпсебасы жабық, түсі ақ.

"Құлагер" сұлы сұрпының өнімділігі

Конкурстық сұрып сынақтың 3 жылындағы орташа өнімділік 57,5 ц/га.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

"Құлагер" сұлы сұрпы ерте көктемгі аязға төзімді.

Сапалық көрсеткіштер

1000 дәннің салмағы - 33,0-34,0 гр. Дәндегі ақуыз мөлшері 12,8% құрайды.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kazniizr@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер