06 Маусым, 2023 Мақалалар
0  

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Топ бәйге Құнан бәйге Аламан бәйге
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі өтті

Ақтөбеде бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі өтті. Дүлдүлдер жарысына 62 шабандоз қатысып, Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге бойынша сынға түсті.

Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі

Жүйріктер жарысының қалай өткені туралы Ақтөбеге арнайы барған тілшіміз Фариза Мұсақызы тарқатып айтады.

Жәнібек Әнешов — Ақтөбе іргесіндегі «Тайбурыл» қожалығының иесі. Бір кездері қалаға көшіп кеткен ол, ойлана келе, шаруа жайымен ауылдық жерге кері оралыпты. Мақсаты — ат спортын дамыту. Ақтөбедегі тұрғын үйін банкке кепілге салып, Қалмақ елінен жылқылар сатып алып, ат баптайды. Бағымымдағы жылқы тұқымының ірілігімен мақтанған ақсақал бүгінгі бәйгенің өтуін көп күткен.

«Осы ипподромды аяқпен өлшеп жүріп салған адамның бірімін. Оны салуды үш төрт жігіт бастап едік. Қазір бәріміз де шал болдық. Қазақ халқына мынадай той керек. Азғантай халықпыз. Мынадай да халық бар екен ғой деп өзгелер сезінуі керек. Бұл осы елдің иесі екеніңді білдіретін той. Ұлттық спорт ең беделді спорттың бірі», — дейді атбегі Жәнібек Әнешов.

Турнир Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «Бәйге» федерациясының ұйымдастырумен өтті. Жарысты тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен бәйге жанкүйерлері, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.

Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі
«2005 жылы ат спорты мектебі ашылып, одан бері Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт мектебі болып қайта құрылды. Онда көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ бөлімшелері жұмыс істейді. Қазір 400-дің үстінде балаларымыз осы мектепте жаттығуда. Ол балалармен 24 жоғары дәрежелі жаттықтырушы мамандар жұмыс істеуде», – деді Ералы Тоғжанов.
Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі

Осындай жобалардың қолға алынуынан болса керек, расымен де, жергілікті халықтың қарасы көп болды. Сол арқылы тұрғындардың, әсіресе, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын байқадық.

Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге» бойынша сайысқа түсті.

Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі

Сонымен, сегіз шақырымдық құнан бәйгеден Нұртөбе лақабатты сәйгүлікпен Абзал Тұрғанбек атты шабандоз алғаш болып келді. Екінші, үшінші орындар Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарына бұйырды.

Ал он төрт шақырымдық топ бәйгеден бірінші орынды Ботакөз атымен шапқан Ақтөбе облысының шабандозы Арнұр Саматұлы иеленді. Екінші, үшінші орындарды Астана қаласы мен Шығыстан келген мықтылар қанжығасына байлады.

Топ бәйге
Топ бәйге
Топ бәйге
Топ бәйге

Ал он төрт шақырымдық топ бәйгеден бірінші орынды Ботакөз атымен шапқан Ақтөбе облысының шабандозы Арнұр Саматұлы иеленді. Екінші, үшінші орындарды Астана қаласы мен Шығыстан келген мықтылар қанжығасына байлады.

Соңғы жарыс жиырма бір шақырымдық Аламан бәйгеден Ұлытау атты тұлпар мінген Астана қаласының шабандозы Исламнұр Ертөс бірінші болып келді. Айтпақшы, осы Ұлытау тұлпар Шымкеттегі топ бәйгеде топ жарған болатын.

Аламан бәйге
Аламан бәйге

Келесі орында Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарының дүлдүлдеріне бұйырды.

Iріктеу турнирі
Iріктеу турнирі

Жеңімпаздарға бағалы және қаржылай жүлделер табысталды. Сонымен қатар көрермендер «Ұлттық киім» байқауын да тамашалап тарқасты.

Ұлттық киім
Ұлттық киім
Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
11 Нау 2026
SE
seriк
Муткенова, Павлодарская область
Жылқы, етті табын Продам лошадей, молодняк
Етті Жылқылар
Етті Жылқылар
Теңге қолма-қол
бас
7 000 000 тг
Сату
11 Нау 2026
БЕ
Бека
Астана, Алматинский район Акмолинская область
Ересек етті табын ІҚМ Продам бараны с ягнятами
ҚҚС-сыз теңге
тонна
100 000 тг
Сату
11 Нау 2026
АЗ
Азилхан
Западно-Казахстанская область, Северная, Уральск, Казахстан
Жем-шөп дақылдарының тұқымдары Гибридные семена Подсолнечника, Кукурузы и Сорго
Келісуге болады
Сатып алу
09 Нау 2026
ДА
Даулет
Казахстан
Бидай 4 сын Закупаем пшеницу 4 кл
ҚҚС-мен
ҚҚС-мен
ҚҚС-пен теңге
тонна
91 000 тг
Сату
09 Нау 2026
ПР
Продавец
Акмолинская область Бурабайский район
Бидай 3 сын Продам пшеницу 3 класс 32 клей. Hi-pro
Келісуге болады
Біздің серіктестер