31 Қазан, 2023 Мақалалар
0  

Қазақстанда мал шаруашылығы бойынша алғашқы оқыту интенсиві өтті

обучение Жанибек Кенжебаев Животноводство Dala camp
Қазақстанда мал шаруашылығы бойынша алғашқы оқыту интенсиві өтті
Қазақстанда мал шаруашылығы бойынша алғашқы оқыту интенсиві өтті

Қазақстанда мал шаруашылығы бойынша алғашқы Dala Camp интенсиві өтті. Әр түрлі қаладан осы саладағы білімін толықтыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ агробизнестің қыр-сырын меңгеруге ниетті фермерлер келді.

Dala Camp
Dala Camp

Кэмптің қатысушылары әлеуметтік желіде өткізілген конкурс бойынша анықталған болатын.

Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Кайлюбаевтың өз фермасы бар. Алғашында небәрі 8 бас жылқымен бастаған, қазіргі таңда 200 басқа жетіп отыр.

Ал Жанарыс Əбдіманап - жас фермер əрі кэмптің ең жас қатысушысы. Ол Алматы облысындағы “Жанарыс-Алтынай” шаруа қожалығында əке ісін жалғастырып отыр. Үшінші қатысушы Жасұлан Берікжанұлы да Алматы облысынан келген, OSP Farm мал бордақылау алаңының басшысы. Оқыту семинарына жолдама алған тағы бір ерекше қатысушы, табақ тартудың жөн-жосығын меңгерген, етті жақсы тани білетін Бауыржан Сман болды. Ол - Астанадағы ет дүкендерінің иесі. Бауыржан өз кәсібін кеңейтіп, мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлап жүр.

Суретте (солдан оңға қарай): Нұржан, Жасұлан, Бауыржан
Суретте (солдан оңға қарай): Нұржан, Жасұлан, Бауыржан
Суретте: қатысушы Жанарыс
Суретте: қатысушы Жанарыс

Оқыту 4 күн бойы Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы), Амангелді ауданында орналасқан “Береке” шаруа қожалығының аумағында өтті.

Dala Camp
Dala Camp

Торғай даласы өзінің дүре тимеген таза табиғатымен, қош иісті өсімдіктерімен және де сирек кездесетін жануарларымен ерекшеленеді. Бұл жерге жету кез келген туристке бұйыра бермейді. Бірнеше шақырымдарды жапан түзбен жүріп өту керек. Алайда мал шаруашылығы үшін, әсіресе, еркін жайылым үшін өте қолайлы аймақ.

Dala Camp
Dala Camp

Оқыту бағдарламасы теория мен практиканы қамтыды. Негізгі спикер Dala Camp-тің ұйымдастырушысы, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Жәнібек Кенжебаев болды. Семинар жайлы идея оған бірнеше жыл бұрын келген. Енді алдағы уақытта жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар өздерінің тәжірибелерімен осы саладағы басқа мамандар да бөлісті - агросубсидия маманы Динара Молдагаипова мен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлшат Шайкамал.

Суретте Жәнібек Кенжебаев
Суретте Жәнібек Кенжебаев
Dala Camp қатысушылары
Dala Camp қатысушылары
Жәнібек Кенжебаев пен Dala Camp қатысушылары
Жәнібек Кенжебаев пен Dala Camp қатысушылары

Әр күн сіңімді таңғы астан басталды.

Dala Camp
Dala Camp

Бүгінгі күні «Береке» шаруа қожалығында жеті мыңға жуық мал басы бар, оның жартысын жылқылар құрайды. Мұнда жылқының мұғалжар тұқымын, ірі қараның қалмақ тұқымын және қойдың еділбай тұқымын өсіреді.

Бүгінгі күні «Береке» шаруа қожалығында жеті мыңға жуық мал басы бар, оның жартысын жылқылар құрайды. Мұнда жылқының мұғалжар тұқымын, ірі қараның қалмақ тұқымын және қойдың еділбай тұқымын өсіреді.

Практикалық жұмыс - жайылымға бару
Практикалық жұмыс - жайылымға бару
Ірі қара малдың Қалмақ тұқымы
Ірі қара малдың Қалмақ тұқымы

Шаруашылықта малды еркін жаю қағидасын ұстанады. Әр үйірдің өз малшысы бар. Мал жыл бойы жайылымдық мал азығымен қоректеніп шығады. Себебі бұл өңірде малды қысы-жазы жаюға барлық мүмкіндік бар.

Кешке қарай қатысушылар қызу пікірталасқа түсіп, өздерінің әсерлерімен бөлісіп, еркін сұхбат құрды. Қалағандары үстел теннисін ойнап, спорт залда жаттықты.

Соңғы күні әр қатысушы семинарды өткенін растайтын сертификатпен марапатталды. Оқыту барысында Жәнібек Кенжебаев бизнес стратег әрі тәлімгер ретінде әр қатысушыға жеке-жеке талдау жасады.

Қатысушыларды марапаттау сәті
Қатысушыларды марапаттау сәті

Фермадағы 4 күн де өте шықты. Барлық қатысушы жаңа білім қорымен, үлкен әсермен үйлеріне қайтты. Dala Camp-тің алғашқы тобы оқуды сәтті аяқтады деуге болады. Алда жаңа білім мен жобалар және Қазақстанның мал шаруашылығын белсенді түрде дамытатын бастамалар күтеді.

© Шолпан Жабаева, baibolsyn.kz, 2023 ж.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
24 Сәу 2026
77
77072032955
Конаев (Капчагай), Алматинская область
Сүтті табынның жас ІҚМ Продаю скот КРС, порода Алатауская
ІҚМ Алатауская
ІҚМ Алатауская
Теңге қолма-қол
бас
400 000 тг
Жүк іздеу
17 Сәу 2026
АЗ
Азамат
Услуги автоперевозок по КЗ и СНГ
Услуги автоперевозок …
Трал (ауыр техникаға арналған платформа)
Whatsapp
Келісуге болады
Сату
16 Сәу 2026
77
77053088228
Петровка, Карагандинская область
Ересек сүтті табын ІҚМ КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
4 440 000 тг
Сату
16 Сәу 2026
ЮР
Юрий
Каскелен, Алматинская область
Басқа ауылшаруашылық жануарлар Продам Кроликов молодняк и взрослых
Теңге қолма-қол
бас
3 000 тг
Предоставляю услуги
15 Сәу 2026
ЭЕ
эльмира есхалиева
-
Перевозки ж/д транспортом Окажем логистические услуги по доставке зерна
Вагондар
Келісуге болады
Біздің серіктестер