08 Мамыр, 2024 Мақалалар
0  

Фермерлердің субсидия алуы: Қалай дұрыс жасау керек

EL BAYLYGY Динара Молдагаипова Субсидии в АПК Казахстан Субсидии
Фермерлердің субсидия алуы: Қалай дұрыс жасау керек
Фермерлердің субсидия алуы: Қалай дұрыс жасау керек

Мемлекеттен субсидия алу Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы фермерлерді қолдаудың маңызды аспектісі болып табылады. Алайда бұл процесс мұқият дайындықты, талаптар мен ережелерді сақтауды және фермерлердің белсенді қатысуын талап етеді. Субсидия бойынша сарапшы Динара Молдагаипова мемлекеттік көмек алу үшін барлық қажетті аспектілер туралы айтып береді.

Субсидия алу үшін келесі қадамдар мен ұсыныстарды орындау маңызды:

  1. Жануарлардың есебін жүргізу:
  • Фермерлер екі негізгі жүйеде жануарлардың есебін жүргізуге міндетті: Мемлекеттік мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі (АШЖБ) мен мал шаруашылығының ақпараттық-талдау жүйесі (АТЖ).
  • АШЖБ-да деректер мемлекеттік ветеринарларға тегін ұсынылады, ал АТЖ-да қызметтер ақылы түрде көрсетіледі.

2. Тіркелу және ЭҚТЖЖ-ны қолдану:

  • ЭҚТЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы) фермердің қызметінің түрін және есеп беру талаптарын анықтайды.
  • Жүйеге тіркелу үшін электронды цифрлы қолтаңба қажет.

3. Субсидиялау ережелерімен танысу:

  • Субсидиялау ережелері мал шаруашылығындағы фермерлерге қолжетімді субсидияларды анықтайтын негізгі құжат болып табылады.
  • Онда фермерлер мен жануарларға қойылатын талаптар, субсидиялау бағыттары, өтінім беру критерийлері мен мерзімдері, сондай-ақ фермерлердің субсидияларды қайтару жөніндегі міндеттемелері жазылған.

Субсидиялау ережелерін білу және сақтау фермерлерге қателіктерді аз жіберуге және мемлекет субсидияларын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Көмек алғысы келетін фермерлер мемлекеттік қолдауға лайықты үміткер болу үшін белгілі бір критерийлерді сақтауы керек. Келесі факторларды ескеру маңызды:

  1. Жердің болуы және жануарлардың есебін жүргізу:
  • Фермердің жайылымы болу керек және АШЖБ, АТЖ жүйелерінде жануарлардың есебін жүргізуі шарт.

2. Құжаттардың дұрыстығы және критерийлерге сәйкестігі:

  • Жердің иесін көрсететін және шаруашылық қызметін растайтын құжаттар қажет болады.
  • Жануарлар жас критерийлеріне сай келулері керек: тауарлық табын 18 айдан бастап, асыл тұқымды мал 13 айдан бастап, сонымен қатар салмағы бойынша да талаптары бар.

3. Асыл тұқымды бұқалар мен аналық мал басының болуы:

  • Асыл тұқымды өндіруші-бұқалар, аналық мал (25 сиырға бір өндіруші бұқа), жануарларда радиожиілік таңбалары және шаруашылықта туған төл болуы керек.

4. Субсидияға өтінім беру процесі:

  • Фермердің электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы шарт.
  • Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің порталында тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен өтінімді толтырып, қол қоюы керек.

Егер фермерде электронды цифрлық қолтаңба болмаса, ол оны бірнеше тәсілмен ала алады: Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, кілтті флэш-дискімен алып алу немесе интернет арқылы қашықтан алу. plem.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің порталында тіркелу үшін ЭЦҚ қажет, сонымен қатар телефон нөмірін, жұмыс жасап тұрған электронды поштасын және шаруашылықтың тіркелгенін растайтын құжатты қажет етеді.

Белгілі бір критерийлерді орындаудан бөлек фермерлерге субсидия алуға сәтті өтініш беру үшін тиісті құжаттар дайын болуы керек. Келесі негізгі құжаттарды ескеру маңызды:

  1. Келісімшарттық құжаттар:
  • Сатып алу-сату шартын, банктік қарыз және лизинг шарттарын қамтиды. Мұндай шарттардың маңызды деректемелеріне нөмірі, күні, жасалған жері, мәміленің мәні және төлем мерзімі кіреді.

2. Төлем құжаттары:

  • Төлемді растайды және төлем түріне, валютаға байланысты төлем тапсырмаларын, валюта аударымына өтініштерді, кіріс кассалық ордерлерді және фискалдық чектерді қамтуы мүмкін.

3. Тауарлы-тасымалдау құжаттары:

  • Автомобиль, теміржол, авиация және теңіз көлігі үшін жүкқұжаттарды қоса алғанда, тауарларды бір жаққа жіберуге және тауарды тасымалдауға арналған жүкқұжаттар.

4. Актілер мен шот-фактуралар:

  • Тауар мен қызметтердің атқарылуын растайтын қабылдау-беру актілерін және тауардың жөнелтілгенін және оның құнын растайтын электронды шот-фактураларды қамтиды. Субсидияларды алғаннан кейін электронды шот-фактураларды өзгертуге тыйым салынғанын атап өткен жөн.

5. Шетелден сатып алуға арналған қосымша құжаттар:

  • Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін нөмірі 328 салық есеп беру нысаны немесе ЕАЭО-ға кірмейтін елдер үшін жүк кедендік декларациясы.

Құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша талаптарды сақтау субсидияларға сәтті қол жеткізудің негізгі кілті болып табылады. Бұл процестерді сенімді түрде білу фермерге өзінің аграрлық кәсіпорнын дамыту үшін мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға көмектеседі.

Мәселелер мен ақыл-кеңестер:

Субсидия алуға өтінім толтыру кезінде фермерлер бірқатар мәселелерге тап болуы мүмкін. Бұл мәселелерді ескеріп, шешіп отыру қажет. Себебі егер оларға назар аудармаса, субсидияға өтінім бергеннен кейін фермерлерге оны беруден бас тартатын жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Кездесетін негізгі қиындықтарға мыналар жатады:

  1. Дұрыс толтырылмаған құжаттар: субсидия беруден бас тартуға ықпалын тигізетін ең көп кездесетін мәселелердің бірі - құжаттарды толтырудағы қателіктер.
  2. Жануарларды есепке алудың және құжаттарының болмауы: есепке алу жүйесінде жануарлардың есебін жүргізбеу, қажетті құжаттар мен заңды білімнің болмауы үлкен кедергі болуы мүмкін.
  3. Талаптар мен ережелерге сәйкес келмеуі: фермерлер субсидиялау ережелерінде белгіленген талаптар мен критерийлерге қатаң түрде сәйкес келуі керек.

Субсидия беруге бас тарту келген жағдайда қатені тауып түзету керек, содан кейін қайтадан жасап, өтінім беру керек.

Субсидияны сәтті түрде алу үшін берілетін ақыл-кеңестер:

  • Құжаттарды уақытылы дайындау: барлық қажетті құжаттарды дайындап, оларда қате болмауын тексеріп шығу маңызды.
  • Субсидия қажеттілігі туралы хабарлама: фермерлер ауыл шаруашылығы басқармасына субсидия қажеттілігі және күтілетін қолдау сомасы туралы хабарлауы керек.
  • Жануарларды есепке алу және тіркеу: барлық жануарларды уақытылы есепке алып, тіркеп тұру шарт, ал қажет болған жағдайда осы жұмысты атқаруға арнайы маман жалдау керек.
  • Бұл іске белсенді түрде кірісу: бизнес иелері өз қызметі мен субсидия алу процесінің барлық аспектілерінде толығымен кірісулері керек.

Субсидиялар - бұл өмір сүру тәсілі ғана емес, сонымен қатар аграрлық бизнесті дамыту мүмкіндігі. Субсидия алу процесін дұрыс түсіну және оған белсенді түрде кірісу фермерлерге өз шаруашылықтарын дамыту үшін мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға көмектеседі.

Субсидиялар, жануарлардың есебін жүргізу және тіркеу туралы толығырақ BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ тегін курсында сарапшы Динара Молдагаипова айтып береді. Сонымен қатар басқа сарапшылардың дәрістерінен жайылымда ұстау, тұқымдық түрлендіру, жоспарлау және ферманың қаржысы, ІҚМ аурулары мен олардың алдын алу шаралары жайлы біле аласыздар.

Телеграмда курс тыңдаушыларының қатарына қосылыңыз. 400-ден астам қатысушы мен курстың дәріскерлері осында. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/baylygy

Курсты телефоннан әрі жылдам көруге жасанды интеллект негізінде жасалған телеграм-бот көмектеседі. Бұл сіздің кез келген жерде қалтаңыздан табылатын курс және жеке көмекшіңіз:

https://t.me/ELBAYLYGYBOT

Тақырып бойынша оқу:

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер