30 Қараша, 2023 Мақалалар
0  

Билл Прайс: Табысты шаруашылық сыры

EL BAYLYGY КРС Животноводство Билл Прайс
Билл Прайс: Табысты шаруашылық сыры
Билл Прайс: Табысты шаруашылық сыры

100 жылдан астам уақыт бойы американдық Прайстар отбасы атадан балаға мұра етіп, кәсіптерін дамытуға өз күштерін жұмсаған. Олар аз ғана тауықтан, бір сиыр мен қарапайым сарайдан бастады. Бірақ уақыт өте келе кәсіптері 2,5 мың гектар суармалы жерді қосқанда 9 мың гектарға дейін кеңейді. Сондай-ақ, Прайстарда 10 мың басқа дейін мал қабылдауға болатын бордақылау алаңы жұмыс істейді. Прайстар отбасы барлық процестермен өте жақсы таныс, өйткені әрдайым шаруашылықтың экономикасын есептеумен айналысады.

Бұл мақалада мал шаруашылығы бойынша сарапшы және Global Beef Consultants компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Прайс сіздермен өз отбасының фермерлік кәсіптегі тәжірибесінен түйген ақыл-кеңестермен бөліседі.

1-кеңес: Шығындарыңызды біліп жүріңіз!

Өндіріс шығындарын түсіну - ферманы сәтті басқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Шығындарды есепке алу үшін заманауи бухгалтерлік бағдарламаларды қолданыңыз. Олар түсінікті және қазір арзанырақ.

Сонымен қатар шығындарды дұрыс есептеу үшін мамандардың көмегіне жүгіну де маңызды. Өнімнің өзіндік құнын төмендету - американдық фермердің басты мақсаттарының бірі. Кез келген ранчоның көп бөлігі жайылым болып табылады. Сізде үлкен, арзан жайылымдар бар. Демек, сіз жайылымдағы шөпті пайдалану арқылы шығындарыңызды азайта аласыз.

2-кеңес: Жұмыс орнында болыңыз!

Кеңседен ферманы басқару мүмкіндігі болса да, әсіресе жақсы менеджерлеріңіз болса да, жұмысты өзіңізге бастауға кеңес беремін. Өз бизнесіңізді, соның ішінде сиырлардың аттарын және олардың жағдайын білу - табысты шаруа қожалығының негізгі іргетасы. Жануарлармен тікелей қарым-қатынас жасау өте маңызды.

3-кеңес: Малға жақсы қараңыз!

Жануарларыңызды бағалаңыз. Оларға жақсы қараңыз, мейірімді болыңыз. Бұл - ең маңызды, баға жетпес нәрсе. Себебі мейірімділік пен жақсы күтім жануарлардың ауырмауына және күйзеліске ұшырамауына септігін тигізеді. .

4-кеңес: Жануарлардың қоректенуін реттеңіз!

Дұрыс қоректену - малдың денсаулығының кепілі. Қоректендірудің мөлшерін дұрыс анықтау үшін ветеринарлардан немесе диетологтардан көмек сұраңыз. Мақсатыңыз бен азық қорына байланысты рационы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ әдетте келесі компоненттер кіреді: ірі жем (шөп, сабан) — 70-80%, астық (жүгері, арпа, соя) — 10-30%, ақуыздар (құрама жем, сүрлем) - 5-20%, дәрумендер мен минералдар. Жануарларыңызға таза су үнемі қол жетімді болуын қамтамасыз етіңіз. Сондай-ақ, ірі қара мал күйіс қайыратын жануарлар екенін және ең алдымен жайылым оларға ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін жасұнық (клетчатка) пен талшықтар беретінін ұмытпаңыз. Дұрыс дайындалған рационның нәтижесінде сіз дені сау және мықты жануарларға ие боласыз.

5-кеңес: Қораларды ұмытыңыз!

Мен малды ашық жайылымдарда ұстау идеясын қолдаймын. Менің ойымша, қоралардағы температураның өзгеруі жануарлардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Бұл Кеңес Одағында қалыптасқан ескі қағида деп санаймын. Менің үлкен атам бірнеше жыл бұрын Солтүстік Дакотадағы қорада мал ұстаған. Бірақ олардың зиянын дәлелдейтін жаңа технологиялар мен зерттеулер пайда болды. Мал қыста пневмониямен ауырады, өйткені жазда қорада денесі қызып кетеді, сол үшін қыста төмен температураға дайын болмайды. Егер сізде азық дұрыс болса, оларды ашық жерде ұстауға болады. Мысалы, биыл бізде ең қатал қыстың бірі болды - 2,5 м-ден астам қар жауды. Бірақ біздің малымыз суықтан қорықпайды және біз оларды қорада ұстамадық.

6-кеңес: Біліміңізді арттырығыз!

Оқу - табысты фермерлік бизнестің маңызды бөлігі. Мен BQA (Beef Quality Assurance) сияқты заманауи мал шаруашылығы тәжірибелері туралы жүйелі ақпарат беретін курстардан өтуді ұсынамын.

Сіз сондай-ақ YouTube сияқты интернет-ресурстарды қолдана отырып, өзіңізді дамытумен айналыса аласыз. Мысалы, АҚШ=та Hefty Brothers egg Youtube арнасы бар - фермерлік іс үшін өте маңызды ресурс.

Фермер үшін ветеринария негіздерін базалық деңгейде меңгеру өте маңызды.

Сарапшы Билл Прайстың ақыл-кеңесіі сіздің бизнесіңізді табысты етуге көмектеседі деген үміттенеміз.

Ветеринария және мал шаруашылығы бизнесін ұйымдастыру туралы маңызды ақпаратты EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ атты фермерлерге арналған тегін оқыту курсынан / BaiBolsyn платформасынан табаласыз.

Телеграмда курс тыңдаушылары тобына қосылыңыз. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/+8zWcTnjAbVxmNTNi

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер