03 Қаңтар, 2024 Мақалалар
0  

Бүгінгі күні малшылар қанша табады немесе жылқышыларды қалай табуға болады?

Пастух Зарплата пастуха Табунщик Животноводство Казахстан
Бүгінгі күні малшылар қанша табады немесе жылқышыларды қалай табуға болады?
Бүгінгі күні малшылар қанша табады немесе жылқышыларды қалай табуға болады?

Елімізде мал шаруашылығы дамып келе жатқандықтан ауыр болса да, малшының жұмысы әлі де өзекті және сұранысқа ие. Қазіргі таңда жылқышыларға қандай жалақы мен шарттар ұсынады? Baibolsyn.kz редакциясы бүгінгі күні шаруа қожалықтары ұсынатын жағдай мен өзекті бос жұмыс орындарының тізімін дайындады. Бұл үшін біз жұмыс іздеу веб-сайттарына шағын зерттеу жүргіздік, сонымен қатар кейбір шаруа қожалықтарымен әңгімелестік.

Өңірлерде малшылардың жалақысы қандай?

Малшының жұмысына малдың күтімі кіреді: азықтандыру, суару, малды айдау, тексеру және де сеніп тапсырылған табынды жалпы бақылау.

jooble.kz белгілі жұмыс іздеу платформасында "жатып бағатын малшы" сұранысы бойынша 1300-ден астам бос жұмыс орындары орналастырылған. Ұсынылатын жалақы үлкен ауқымды қамтиды: 70-тен 450 мың теңгеге дейін. Көптеген жұмыс берушілердің шарттары ұқсас: тұратын орын, тамақтану, маусымдық киім + жалақы.

jooble.kz
jooble.kz

Айта кету керек, Қазақстандағы ең төменгі жалақы бүгінде 70 мың теңгені құрайды (жылқышы үшін жалақының төменгі шегі). ҚР статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес, еліміздегі орташа жалақы 2023 жылы 350 мың теңгені құраған.

70-75 мың теңге көлеміндегі төменгі жалақыны Қызылорда облысындағы фермерлік шаруашылықтар ұсынған. Талаптары: орта білім, толығымен жатып бағу. Жамбыл облысында да малшының жұмысы үшін 70 мың теңге көлемінде жалақы көрсетілген.

Жылқышы үшін ең төменгі жалақы – 70 мың теңгені Ақмола облысы Қарасай ауылында (Ақкөл ауданы) ұсынған. Талаптардың ішінде тек орта білімнің болуы көрсетілген. Шарттары жайлы жұмыс беруші толық ашып жазбаған.

Қызылорда облысында шұғыл түрде іздеп жатқан малшы үшін 120 мың теңге көлемінде жалақы көрсетілген.

Түркістан облысында жылқышыға 90-100 мың теңге шамасында жалақы ұсынылған. Сондай-ақ шаруашылық базасында тамақтану және тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Жалақы көлемі Батыс Қазақстан облысына қарай көтеріледі. Ақсай қаласында малшыға азық-түлік пен тұрғын үй беріле отырып, ай сайын 160 мың теңге ұсынылған.

Еліміздің оңтүстік-шығысында, Балқаштан 50 шақырым жерде жылқышы үшін вахталық жұмыс кестесімен 100-120 мың теңге жалақы көрсетілген. Фермер мал басын көрсетіп өткен - 100 қой мен 40 сиыр, тұрғын-жай қарастырылған.

Қарағанды облысының басқа бөлігінде, Ақтоғай ауданында небәрі 80 мың теңге ұсынған және де шарттарын толық ашып жазбаған.

Кейбір шаруа қожалықтары малшыларды тіпті өз малдарымен (аз мөлшерде) қабылдауға дайын. Мұндай хабарландыруды Алматыдан 140 шақырым жерде орналасқан ферма жариялаған. Отбасылық жағдайы маңызды емес, жұмысшының тұруы, тамақтануы және монша кіреді. 90 мың теңге көлемінде жалақы ұсынылған.

Сондай-ақ, Алматы облысында кейбір шаруа қожалықтары тұрғын-жай, азық-түлікпен қамтамасыз ету және де міндетті түрде отбасылы болу сияқты стандартты талаптармен малшыға 150-200 мың төлеуге дайын.

Жылқышы үшін ең жоғары жалақы Алматы облысында ұсынылған - 450 мың теңге. Бұл ауыл еліміздің оңтүстік-шығысында (Ленин ауданы) орналасқан. Шаруашылық жауапты және отбасылы малшы тапқысы келеді. Хабарландыруда жоғарыда көрсетілген жалақы екі адамға – негізгі жылқышыға және оның орынбасарына, сәйкесінше, 250 және 200 мыңға есептелгені туралы мәліметтер ашылып жазылған. Шаруашылық барлық салықтармен және зейнетақы аударымдарымен ресми түрде жұмысқа орналастырады, 2 бөлмелі жылуы бар тұрғын үймен, қысқы және жазғы маусымдарға бір киім жиынтығымен қамтамасыз етеді.

Қарағанды облысындағы Ақбастау ауылына вахталық кестемен малшылар мен қара жұмысшылар іздестірілуде. Ұсынылатын шарттарға мыналар жатады: жатақхана, асханада тамақтану және 200 мың жалақы.

Фермерлер жылқышыларға қандай жағдай жасайды және қандай жалақы ұсынады?

Біз бірнеше шаруа қожалықтарының иелерінен мал бағу бойынша жұмыс орындары және жұмысшыларына қандай жағдай жасайтыны жайлы сұрастырдық. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 200 малы бар шаруа қожалығында 2 малшы және бір қара жұмысшы жұмыс істейді. Жылқышы шамамен 300 мың теңге табады, ал ірі қара мен ұсақ малға қарайтын екінші малшы 200 мың теңге алады. Сонымен қатар, шаруашылық иесі жұмысшыларды азық-түлікпен, етпен қамтамасыз етеді, тіпті жақсы көрсеткіштері үшін қозы немесе құлын беріп, ынталандырады екен. Фермер Нұржанның айтуынша, жалпы еліміздің шығысында малшылардың жалақысы 200-250 мың теңге шамасында болады. Алайда, фермер атап өткендей, көп нәрсе жұмыс берушінің әділдігіне байланысты: көбісі мұндай қиын жұмыс үшін еңбегіне сай емес төлем төлейді.

Түркістан облысындағы шаруа қожалығының басшысы Жанарыс осы өңірде малшылардың қалай жұмысқа орналасатынын айтып берді. Жұмысшыларды таңдауға делдалдар көмектеседі, яғни өздерін рекрутер деп атайтын әйелдер. Малшылар келіп, өздерінің жұмыс тәжірибелері туралы айтып береді, содан кейін олар малшыларды сай келетін шаруашылыққа жібереді. Мұндай қызмет үшін делдалдар шаруашылықтан 10-15 мың теңге алады және барлығы да разы болып қалады. Сондай-ақ, мұнда "сарафан радио" немесе “ұзынқұлақ” жақсы жұмыс істейді - көбісі басқа шаруашылықтардың немесе жұмысшылардың ұсыныстары бойынша жұмыс істеуге келеді. Елдің оңтүстік бөлігінде, Түркістан және Жамбыл облыстарында жылқышылардың жалақысы 70-тен 150 мың теңгеге дейін болады.

Фотосуретті түсірген: eldala.kz
Фотосуретті түсірген: eldala.kz

Малшыларға жақсы табыс Қостанай облысында ұсынылады. Шаруашылықтардың бірінде жауапты жұмыс үшін жатақханада тұру мен асханадан тамақтануды қосқанда қолына 200 мың теңге ұсынған. Талаптары: сеніп тапсырылған шаруашылықты бақылау және жұмыс істеуге деген құлшыныс.

jooble.kz
jooble.kz

Астананың айналасындағы немесе Ақмола облысының маңындағы шағын фермерлік шаруашылықтар жылқышының жұмысы + тұруы мен тамақтануы үшін орта есеппен 150-200 мың теңге ұсынады.

jooble.kz
jooble.kz
jooble.kz
jooble.kz

2024 жылы малшының жалақысы қанша болады?

Зерттеуді қорытындылай келе, малшының/жылқышының жұмысы бүгінде ауыл шаруашылығы секторында ең сұранысқа ие жұмыс деп айтуға болады. Агрономдар үшін де, ветеринарлар үшін де мұндай сұраныс жоқ. Малшылар еліміздің әр өңіріне қажет және шаруа қожалықтары жауапты жұмысшылар үшін еңбек жағдайларын жақсартуға тырысуда. Барлығы дерлік тұрғын үймен немесе қыстаумен (жылы бөлме /вагон), азық-түлік, ет, киім, көлік немесе жылқымен толық қамтуды ұсынады. Мүмкін болатын артықшылықтарға вахталық жұмыс әдісін жатқызуға болады.

Үміткерлерге қойылатын ең көп таралған талап - жауапкершілік, адалдық және жұмыс істеуге деген құлшыныс. Ерекше талаптарға отбасылық жағдайды жатқызуға болады, өйткені кейбірі тек үйленген малшыларды іздейді.

Қазақстан бойынша малшының орташа жалақысы 100-120 мың теңге болып табылады, бұл ретте еліміздің оңтүстік өңірлерінде одан да аз болуы мүмкін. Малшыларға еліміздің Алматы, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында ең көп жалақы төленеді.

2024 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл жеке жалдамалылардың, соның ішінде шаруа қожалықтарында жалақы өсетінін, малшылар мен мал шаруашылығындағы жұмысшылардың да жалақысы өсетінін білдіреді.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер