Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында фермерлерге үнемі әр түрлі даму стратегиялары ұсынылады. Алайда мол табысқа кенелу үшін қайсысын таңдаған дұрыс?
Әулиекөл асыл тұқымды бұқаларын мал басын қалыптастыру процесінде пайдаланудың тиімділігін және Қазақстанда субсидиялардан пайда алуды қарастырайық. Бұл тұста бізге Әулиекөл тұқымының Республикалық палатасының директоры Бисекенов Нұрғали Рысбайұлы көмектеседі. 12 жасынан бастап малмен жұмыс істейді, зоотехник мамандығы бойынша білім алған, мал шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Әулиекөл тұқымы жөніндегі республикалық палатаны соңғы 11 жыл бойы басқарып келеді.
Қаржылық аспектілерден бастайық. Асыл тұқымды малмен жұмыс істеп бастағанда тек инвестиция салу ғана емес, сонымен қатар стратегиялық жоспардың болуы да маңызды. Екі тәсілді салыстырайық: асыл тұқымды сиырлар мен бұқаларды көп мөлшерде сатып алу арқылы шаруашылықтың тез қалыптасуы, екіншісі - жеке аналық бас арқылы ұзақмерзімді даму.
Бірінші тәсіл - тез, бірақ қаржылық тұрғыдан қымбатқа түсетін әдіс. 50-100 бас асыл тұқымды мал сатып алу айтарлықтай қаржылық ресурстар мен мүмкіндіктерді қажет етеді: жеке қаражатыңыз немесе несие алу. Алайда, бұл бағытпен нарыққа жол тез ашылады және аз уақытта нәтиже көре аласыз. Асыл тұқымды малды сатып алып, ұрықтандырғаннан кейін 2 жыл өткеннен соң-ақ асыл тұқымды бұқаларды сатуды бастай аласыз.
Екінші тәсіл ұзақ уақытты қажет етсе де, көптеген фермерлер үшін қол жетімді. Өзіңізде аналық мал басы болса, асыл тұқымды бұқаларды шағылыстыру және будандастырылған бұзауларды алу үшін пайдалануға болады. Содан кейін оларды бордақылап, сата аласыз. Бұл бұзаудың басқа санаты және де шығындар мен пайда да басқаша деңгейде болады. Бұл әдіс фермерлерге табынды біртіндеп өзгертуге және 12-15 жыл ішінде қарапайым малдан асыл тұқымды малға ауысуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы фермерлер үшін негізгі ынталандырулардың бірі мемлекеттік субсидиялар болып табылады. Асыл тұқымды бұқаларды сатып ала отырып, фермерлер әр бұқа үшін 150 мың теңге көлемінде қаражат қайтарып алады. Бұл қолдау шарасы шаруашылықта 15-25 аналық бас болса қолданылады. Олар шағылысу жасына жеткен қашарлар болуы керек: 18 ай немесе одан жоғары. Мысалы, фермер 450 мың теңгеден төрт Әулиекөл бұқасын сатып алады. Ал мемлекет әрқайсысы үшін 150 мың теңге береді. Осылайша, төрт бұқаның біреуі фермерге тегін келеді.
Бұқаларды сатып алғанда берілетін субсидиялар ғана емес, сонымен қатар селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін берілетін қосымша субсидиялар да бар. Шаруашылықтағы талаптарға сәйкес келетін (15-25 бас аналық мал) әрбір сиырға фермер 10 мың теңге субсидия алады. Фермада 100 сиыр бар делік. Бұл дегеніміз, фермер жылына 250 мың теңге алып тұрады, сонда екі жылда 500 мың теңге болады. Бұл қаражатты малды азықтандыру және күту шығындарының кейбір бөлігін жабу үшін пайдалануға болады.
Қаржылық пайдадан басқа, шағылысу кезінде асыл тұқымды бұқаларды пайдалану фермерлерге жоғары сапалы будандастырылған бұзауларды алуға мүмкіндік береді. Бұл бұзаулар гетерозды әсерге ие, бұл олардың өсуі мен жалпы өнімділігін арттырады. Будандастырылған бұзаулардың қарапайым бұзаулармен салыстырғанда өнімділігі 10-15%-ға жоғары. Яғни бұзауларды енесінен айырғанда тірідей салмағы жоғарырақ болады. Мысалы, қарапайым бұзаудың салмағы осы уақытта 180 келі болса, будандастырылған бұзау 200 келі, ал асыл тұқымды 220 келі болады. Асыл тұқымды бұқаларды шағылыстыру үшін пайдалану арқылы фермер сапалы будандастырылған бұзаулар алып, екі жыл ішінде табынын жақсарта алады. Бұл өнімнің санын ғана емес, сапасын да арттыра отырып, дамуға қосымша ынта-жігер береді.
Әулиекөл асыл тұқымды бұқаларын пайдалану фермерлер үшін экономикалық табыстың кілтіне, қарапайым және асыл тұқымды табынның қақ ортасына айналуда. Мемлекеттен бірнеше субсидия алу, табынды жақсарту және сапалы будандастырылған бұзаулардан қаржылық пайда табу - бұл тәсілді ауыл шаруашылығын дамыту тұрғысынан назар аудартады және тұрақты етеді. Мұндай стратегиялар экономикалық өркендеу жолына ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы ауылдық қауымдастықтардың дамуына ықпал ететін факторға айналуда.
Әулиекөл тұқымын ұстаудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы толығырақ және басқа да пайдалы ақпараттарды BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ тегін оқыту курсынан біле аласыздар.
Телеграмда курс тыңдаушыларының тобына қосылыңыз. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/+8zWcTnjAbVxmNTNi
Курсты телефоннан, жылдам көруге жасанды интеллект негізіндегі жасалған телеграм-бот көмектеседі. Бұл кез келген жерде қалтаңыздан табылатын курс және жеке көмекшіңіз:https://t.me/ELBAYLYGYBOT