ҰҚМ
Жануардың түріКорей
Тұқымның атауыЕтті-сүтті
БағытыКорей ешкі тұқымы байырғы тұқымдарға жатады. Оңтүстік Кореяда өсіріледі.
Құлақтары қысқа, тік, бас пішіні түзу, мүйіздерінің ұзындығы 10-20 см, артқа қарай қисық. Жүні қысқа. Түсі кәдімгі қара, сұр және ақ түстілері де кездеседі. Чансуй, тхонъён және танджин түрлері бар. Басы кішкентай, пішіні дұрыс, түзу, мүйіздері үлкен, артқа қарай қисық. Жүні қысқа, тамағы қиғаш. Дене бітімі мықты. Олардың биіктігі шамамен 90 см және салмағы 130 кг-ға дейін жетеді.
Екі жылда үш рет төлдейді. 1-2 лақтан төлдейді, кейде үшемдер болады. Төлдеу арасындағы аралық кемінде 290 күн. Лактация шамамен 170 күнге созылады. Осы уақыт ішінде 100 кг-ға дейін майлылығы жоғары сүт береді. Корей ешкі тұқымын селекционерлер заанендікпен жақсартуда. Корей ешкілері кез-келген жағдайға жақсы бейімделеді, мейірімді және бейбіт сүйгіш.