Етті
БағытыҰҚМ
Жануардың түріАфрикалық (американдық) пигмей
Тұқымның атауыАфрикалық пигмей - Батыс Африкадағы жергілікті ергежейлі ешкі түрлерінің бірі. Олар кез келген климатқа бейімделудің керемет қабілетіне ие, трипаносомозға төзімді, сапалы ет береді. Соңғы уақытта олар үй жануарлары мен көрме жануарлары ретінде өсіріледі. ХІХ ғасырда отаршылдық дәуірінде Еуропаға әкелінген Батыс Африканың жергілікті ергежейлі ешкі тұқымы. Бастапқыда олар камерундық ергежейлі ешкі деп аталды. Германия мен Швецияда олар хайуанаттар бағында экзотикалық жануарлар ретінде көрсетілді. Экспорт Ұлыбританияға, Канадаға және АҚШ-қа жетті. Еуропада олар голландиялық ергежейлер мен британдық пигмейлердің тұқымын өсірді. Кейінірек камерундық ергежейлі ешкілер Еуропадан АҚШ-қа 50-ші жылдардың соңында жіберілді және олардың ұрпақтары хайуанаттар бағына, ғылыми орталықтарға және жеке адамдарға сатылды. Осыдан кейін олар үй жануарлары мен көрме жануарлары ретінде танымал болды. Австралиялық табындар АҚШ-тан әкелінген мұздатылған сперматозоидтар мен эмбриондардан өсірілді. Батыс Африка, Еуропа және АҚШ елдерінде кең таралды.
Аяқтары мен басы қысқа, дене бітімі мығым, қаңқасы мықты. Қырынан қарағанда басы дөңес, маңдайы кең, құлақтары жоғары көтерілген. Жүні қалың және түзу, орташа ұзындықта. Ешкілерде, әдетте, азын-аулақ сақалы, серкелерде иық аймағында үлпілдек және ұзын сақал және көлемді жалы болады. Барлық дарақтар мүйізді. Жануарлардың түсі әр алуан болуы мүмкін: ашық карамель, карамель, қанық карамель, қанық қызыл, ашық сұр, сұр, қанық сұр, қара-ақ, қара, қоңыр.
Ересек текелерінің салмағы — 23-34 кг, ешкілерде - 27-39 кг. Ересек текелерінің шоқтығының орташа биіктігі - 56 см, ешкілерінікі - 58 см. Олардың өнімділігінің негізгі бағыты - ет өндірісі. африкалық пигмей шө бі аз жайылымдарда жайыла алады. Ешкілер 120-180 күн ішінде күніне майлылығы 4,5%-дан артық 1-2 литр сүт береді. Олардың сүті кальцийге, калийге және фосфорға бай. Жыныстық жетілу 4-5 айда болады. Ұрғашылар 12-18 аптада көбеюге дайын, бір төлдеу кезінде олар 4-ке дейін лақтан әкеле алады, көбінесе егіздердің туылуы байқалады. Көбею маусымдыққа тәуелді емес. Африкалық пигмей тұқымының артықшылықтары: жоғары құнарлылық, жұқпалы және паразиттік ауруларға төзімділік, сабырлы және мейірімді мінез. Кемшіліктері: тұқымда «пигмей ешкі синдромы» немесе «ергежейлі ешкі синдромы» кездеседі - бұл тұқым қуалайтын ауру, онда тері мен жүн жабыны зардап шегеді. Ауру кератин синтезінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.