Мініс
Тұқымның атауыАмерикандық мініс пони
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріБұл пони араб пен квотерхорстың кішірейтілген көшірмесіне ұқсайды. Ол Англиядан жылқыларды мәжбүрлі түрде әкетуге енді жүгінбес үшін жергілікті тұқымды құру мақсатында өсірілді. Бұл түрлі-түсті американдық пони тұқымы Айова штатындағы Мейсон Ситидегі Лесли Бумховердің ынталы жұмысының арқасында өсірілді. Оның мақсаты ат спортының барлық тәртібіне бейімделген және әсіресе балалар оңай басқара алатын, дене бітімі жақсы және түстері реңктері ерекше мініс пониін шығару болды. Шетланд айғырымен және аппалуза биесімен будандастырудан тұқымның негізін салушы Блэк Хенд (1954) дүниеге келді. Кейіннен араб жылқысымен және квотерхорспен будандастыру жүргізілді. Қазір шетланд пониі қанының әсері аз, өйткені араб пен аппалузаның сипаттамалары басым. 1956 жылы сол Лесли Бумховер негізін қалаған американдық пони клубы өздеріне тұқым регистрлерін қолдау және стандарттың сақталуын қадағалауды өздеріне міндет етіп алды.
Түсі аппа тұқымдарының "қабылан", "қар қиыршығы", "қырау", "мәрмәр", "дақты жамылғы" және "ақ жамылғы" сияқты алты түрінің негізінде жіктеледі. Басының пішіні аздап жалпиған, құлақтары үшкір, тік, сақ; көздері үлкен, бадырайған, нәзік, қарашығының айналасында ақ ая бар (аппалуза сияқты); мұрын мен танауының айналасындағы терісі (қызғылт түсті) көмескі, ақ және қара дақтармен жабылған. Мойын сәл доға тәрізді, арқасы жақсы орналасқан, шоқтығы шығыңқы. Артқы бел сызығы қысқа және түзу, тұрқы дөңгелектелген, қысқа және етті. Жалы тығыз, құйрығы жоғары орналасқан. Кеудесі кең, бауыры кең және терең. Иықасты сүйектері жақсы қалыптасқан, пропорционалды, шабыс буындары дұрыс орналасқан, аяқтарға күшті спурт береді; сіңірлері жіңішке, бірақ мықты, бақай ұзындығы дұрыс. Тұяқтары - жақсы пішінді, ашылған, тұяқ мүйізі - тік жолақты. Шоқттығына дейінгі биіктігі: 114-137 см.
Американдық пони - ықшам, салмақты, жүрісі кербез және ырғақты; мінезі жұмсақ, сабырлы; ол атқа мінуді үйренушілер үшін де, осы саланың мамандары үшін де өте жайлы. Ол ат спортының барлық жарыстарына сәтті қатысады, өйткені ол кедергілерден оңай өту қабілетіне ие, үйрету фигураларын үйлесімді және жеңіл орындайды.