Барневельдер (Barnevelder)

Барневельдер Құстар Етті-жұмыртқалы

Барневельдер

Тұқымның атауы

Құстар

Жануардың түрі

Етті-жұмыртқалы

Бағыты
0  
Барневельдер (Barnevelder)
Chicken-poroda-Barnevelder

Тарихы

Тұқымды аттас провинцияның құрметіне «Барневельдер» деп атады. Кейіннен тауықтар етті-жұмыртқалы тұқымы ретінде танылды. Бұған қоса, олардың қауырсындарында сәнді құстардың жанкүйерлері ұнататын тартымды кекіліктікі тәрізді өрнектері болды. Шоколад түсті жұмыртқалар сәнден шыққан кезде Барневелдерлердің бастапқы мақсаты өзгерді: мекиен тауықтардан олар етті және декоративті құстарға айналды. Бүгінгі күні бұл тауықтар түпнұсқа тауықтарға ұқсамайды, бұған жұмыртқа салған кезде қошқыл жұмыртқалардың азаюы себеп болады.

Тұқым стандарты

Барневельдер тауықтары ақ, қара, қоңыр, көкшіл және жиегі көмкерілген көкшіл түсті болуы мүмкін. Алайда, көпшілік үшін бұл тауықтар көзтартарлық кекілік тәрізді қауырсынданумен байланысты. Бұл геометрия сабағында ойынға салынып кеткен студенттер салған қара және қоңыр түсті үздіксіз ауысып тұрған тұтас шеңберлерге ұқсайды. Қауырсыны тығыз орналасқан. Ол құстың денесінің контурын қайталап, оған мұнтаздай, жинақы түр береді. Әтештер, олардың тауықтарына қарағанда көз тарта қоймайды, кемпірқосақ тәрізді жасыл жылтыры бар қара қауырсындарымен бипазданып жүреді. Қазіргі тауықтар азырақ жұмыртқа салады, басқа қасиеттеріне сай анағұрлым ашық түсті. Тұқымның дамуының ерте кезеңінде тұқым жанкүйерлері жұмыртқалардың шоколадты қоңыр түсін ерекше бағалады. Жақында бұл тұқым Ұлыбританияда екінші рет көрме тауықтары ретінде екінші рет жаңартылды. Барневельдер әтешінің салмағы 3,6 кг, ал тауықтікі – 2,7 кг.

Шаруашылық сипаттамасы

Голландиялық гендер суық, ылғалды ауа-райына аса төзімді құстың пайда болуына ықпал етті. Дегенмен, балапандарды өтпек желдері жоқ жылытылған қораларда ұсталу керек. Олардың мақсаты жылдар өткен сайын өзгергенімен, мекиендерге арналған азықпен тамақтандырған және қосымша жарықтандыру қолданылған жағдайда, Барневелдердің әлі де қыс айларында лайықты жұмыртқалағыштығын көруге болады. Тұқым жұмыртқа басуға бейім және сапалы жұмыртқа мен ет өндіру үшін оларға қосымша азық қажет.

Жұмыртқалағыштығы: орташа, жылына 150-200 дана. Жұмыртқа мөлшері: үлкен 60 гр. Жұмыртқа сала бастауы: орташа 6-8 айында.

Ұқсас тұқымдар

Орпингтон кекілік тәрізді (Partridge Orpingtons), Орпингтон лаванда тәрізді ( Lavender Orpingtons).

Жүктелуде...
Біздің серіктестер