Мініс
Тұқымның атауыБатак
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріБатак пониі Суматра аралының орталық бөлігінен шығады. Оның шығу тегі Үндістаннан араб айғырларымен және басқа аралдардан селекциялық биелермен будандастырылған алғашқы жылқылар әкелінген кезде, біздің дәуіріміздің алғашқы үш ғасырына барып тіреледі. Өсірудің мұндай әдісі басқа аралдар понилерінен араб қаны әсерінің айқын таңбасымен ерекшеленетін заманауи понидің пайда болуына әкелді. Бұған алдымен XVI ғасырда португалдықтар, содан кейін голландиялық-үнді компаниясы, ал 1824 жылы Голландия үкіметі ықпал етті. Бір кездері батакты одан көптеген жылқыларды Сингапурға кемелермен жіберген порттың атымен Дели пониі деп атаған. Бүгінгі таңда бұл – ол да арабтардың ұрпағы болып табылатын сандалвудпен кейбір ортақ сипаттамалары бар жалғыз индонезиялық пони. Индонезия үкіметі ұлттық экономиканы көтеру үшін жақсы понилер өндірудің маңызын түсініп, Суматрада батакты селекциялық өсіруді ынталандырады және жергілікті тұқымдарды жетілдіру үшін ең жақсы даналарын басқа аралдарға жібереді.
Батак пониінің биіктігі 130 см-ге дейін жетеді. Түсі кез келген болады. Дене құрылымы: басы түзу немесе біршама дөңес мұрын бейінді әдемі; қысқа жіңішке мойны айтарлықтай айқын шоқтыққа ауысады; түзілісі жеңіл, арықтау; кеудесі тар; көбінесе арқасы ұзын және сауыры тарлау; құйрығы биік отырғызылған, ол да жоғары көтеріледі, бұл осы понилерге әдемі түр береді. Аяқ-қолдарының мүсіні ең жақсы деп айтуға келмейді, көбінесе оның аяқтары ұзын және тұяқтары қатты болады.
Көптеген ғасырлар бойы батак пониі арал тұрғындары өмірінің ажырамас бөлігі болды. Оны бір кездері құрбандық шалу рәсімдерін орындау кезінде пайдаланған. Бүгінгі таңда батак жергілікті тұрғындардың салт мінетін сүйікті пониі болып табылады. Батак арабтың көптеген қасиеттерін мұраланды деп сенімді айтуға болады, ал басқа индонезиялық тұқымдардан ерекшелігінде моңғол қанының әсері азырақ байқалады. Оның мінезі тамаша, сабырлы және үйретуге жақсы келеді, ол балаларға өте ыңғайлы және қаласа, қызу және жігерлі болады. Батактың дене құрылысы арықтау болса да, күшті және табанды болып келеді.
Бур пониі (Boer pony), Бали пониі (Bali pony), Баск пониі (Потток) (Basque pony).