Ақ андалусиялық ешкі тұқымы (бланка кельтибарика) (Andalusian White)

ҰҚМ Ақ Андалусия Етті-сүтті

ҰҚМ

Жануардың түрі

Ақ Андалусия

Тұқымның атауы

Етті-сүтті

Бағыты
0  
Ақ андалусиялық ешкі тұқымы (бланка кельтибарика) (Andalusian White)
sheep-poroda-Andalusian-White

Тарихы

Испанияның байырғы ешкі тұқымы. Гвадалахара, Кастилия және Альбасете таулы аймақтарында өсіріледі.

Тұқым стандарты

Ақ андалусиялық ешкі - дене бітімі пропорционалды, бұлшықеттері жақсы дамыған және аяқтары күшті жануар. Басы үлкен емес, бас пішіні сәл дөңес, құлақтары кішкентай, көлденең орналасқан. Екі жыныстың да мүйіздері үлкен бұранда тәрізді немесе шиыршық танған. Түсі кез-келген болуы мүмкін, бірақ ақ және қызыл түстер басым. Желіні үлкен және өте жақсы дамыған. Серкелерінің биіктігі - шамамен 85 см, салмағы - 100 кг, ешкілерінің биіктігі - 75 см, салмағы - 65 кг.

Шаруашылық сипаттамасы

Ақ андалусиялық ешкілер ет-сүт бағытындағы жануарлар. Сүтті аз мөлшерде береді, күніне 5-7 литр ғана, бірақ оның майлылығы жоғары және ерекше иіс болмайды. Сүттен негізінен ірімшіктер жасалады. Ұрғашы ларында аналық түйсік жақсы дамыған, сондықтан төлі 5 айға дейін ата-анасымен бірге болады. Ешкілердің салмағы 25-30 кг жеткенде, төлдері ажыратылады. Бұл тұқымның ешкілері 18 жасқа дейін өмір сүреді. Ақ Андалусиялық ешкі тұқымының артықшылықтары: ешкілердің тез салмақ қосуы, маңғаз келбеті, жоғары өнімділігі. Тұқымның кемшіліктері: ешкілердің иммунитеті төмен, тұяқтарының жарақат алу қаупі, күтім ерекшеліктері.

Ұқсас тұқымдар

Орлов қара ешкісі, Алгарвиялық ешкі тұқымы (Algarvia).

Жүктелуде...
Біздің серіктестер