Қоян
Жануардың түріБельгиялық қоян
Тұқымның атауыЕтті-терілі
БағытыАмерикада күшті әсер туғызбас бұрын, бастапқыда Бельгияда өсірілген тұқым XIX ғасырда Англияда әрі қарай дамыды, онда қоян өсіру өркендеп тұрды. Сонымен қатар, Америкада 1890 жылға дейін қояндар аса танымал болған жоқ, ал шағын фермерлік шаруашылықтар асыраған қояндар негізінен ішкі тұтыну мақсатында пайдаланылды. 1888 жылы алғашқы бельгиялық қояндар Америкаға әкелінді, сол кезде «қоянға асқан сұраныс» басталды. Елдің түкпір-түкпірінен порт қалаларына Бельгиядан әдемі қояндар алғысы келетіндер ағылды. Қояндарды өсірумен және сатумен айналысатын компаниялар қарқынды көбейе бастады, көптеген ірі қалаларда қоян асыраушылар клубтары пайда болды. Кеме қатынасы компанияларының бірі небәрі 3 жыл ішінде Атлант мұхиты арқылы 6000-нан астам қоянды тасымалдап апарды. Миллионерлер Дж.П. Морган мен Джон Д. Рокфеллер тұқымды дамытуға қызығушылық танытты. Көрме үлгілерінің бағасы ойға келмейтін сомағаларға дейін жетті – 1900 жылы өткен көрмеде бір еркек қоян 5000 долларға сатылды! Сол кезеңде Лос-Анджелес графтығындағы бір қоян асыраушы 60 000 бельгиялық қоянға иелік етті. Бірте-бірте дүрбелең басылды, нарық сұраныс пен ұсынысты тұрақтандырды, ал бельгиялық қояндар басқа өнімді тұқымдардың көлеңкесінде қалып қалды. Бірақ бұл қояндарды стандарттау, ұстау және өсірудің жетілдірілген жүйесі дамығаннан кейін және Бельгиялық қоян әуесқойлары клубы құрылғаннан кейін ғана орын алды. Бұл клуб уақыт өте келе әлемдегі ең ірі қоян өсірушілер ұйымы – Американдық қоян өсірушілер қауымдастығына (ARBA) айналған. Бұл өте әдемі, бай тарихы бар тұқым бастаушы әуесқойға көптеген қиындықтар туғызып, көңілін қалдыруы мүмкін. Қояндардың дене тұрқы нәзік, мінезі қыңыр және көбею қабілеті шектеулі. Жас жануарларды суретке түсіруге үйрету көп уақытты қажет етеді және шыдамдылықтың нағыз сынағы болуы мүмкін. Дегенмен, білікті қоян асыраушы ғасырдан ғасырға дейін танымалдылығын жоғалтпаған және көбінесе ең тәжірибелі селекционерлер ғана асырай алатын аңызға айналған тұқым болып табылатын бельгиялық қояндарды өсіру арқылы керемет нәтижеге қол жеткізеді.
Бельгиялық қоян нағыз ор қоян болғанымен, ол қарапайым қоянға өте ұқсас. Тұқым XVII ғасырда өсірілді, сол кезде бұл қояндар бүгінгі күнге дейін өздеріне тән негізгі сипаттамаларына ие болды: қызғылт-сарғылт түсті ұзын, үзынша денелі, сондай-ақ сергек, қырағы, «жабайы» дене тұрысы. Бұл тұқым толығымен доғалы денелі түрге жатады. Ұзын бұлшықетті арық денесінен басқа, бельгиялық қоян ұзын аяқтарымен, ұзынша басымен және тік құйрығымен сипатталады. Жүні жібектей, жұмсақ, қысқа,қанық сарұыш-қызғылт түсті. Салмағы 3 кг-нан 4,5 кг-ға дейін.
Бельгиялық қоянды кең тормен немесе қоршаумен қамтамасыз ету керек, өйткені тұқым өкілдері өте белсенді, тар жерде күйгелек болып кетеді және өздерін жарақаттауы мүмкін. Тұқымды көбейту кезінде 1 жасқа дейінгі жас аналықтардың бір реттік жұптасуы жақсы нәтиже береді, 2 жастан асқан ұрғашылар көжектегенде біршама қиындықтар туындауы мүмкін. Ұяда 5-тен 8 көжекке дейін болады, жүктіліктің орташа мерзімі – 30 күн.
Бұл сәл жабайылау, тентек сәндік қоян – үй жануары үшін және балалардың көңілін көтеру үшін ең жақсы таңдау емес. Ол өзінің жарқын тұлғасымен тәжірибелі қоян асыраушыларды қызықтырады. Ыңғайын тауып, дұрыс тәрбиелеген жағдайда жануар адамға үйреніп, қолға үйретілген қоянға айналады. Отбасында өскен мұндай бельгиялық қояндар керемет ақылдылығымен, сүйіспеншілігімен, ақкөңілділігімен ерекшеленеді және керемет серіктес жануарлар бола алады.
Рейндық (Rhenish rabbit), Арлекин (Danish rabbit harlequin).