Сүтті
БағытыБолгар ақ
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түріБолгар ақ ешкілері тұқымы Болгария аумағында жергілікті ешкілерді сүтті тұқымдармен, атап айтқанда ЕО елдерінен (Германиядан, Чехиядан, Словакиядан) әкелінген Заанен ешкілерімен будандастыру кезінде шығарылған. Ары қарай, "өзінде" өсіру қолданылды. Тұқым алғаш рет 1992 жылы тіркелді, ал 2008 жылға қарай Болгар ақ сүтті ешкілерінің саны 100 мың дараққа жетті. Тұқым Ресей Федерациясының барлық аймақтарында таралған.
Түсі – ақ, жүнінің қалыңдығы мен ұзындығы орташа. Негізі мықты, денесі пропорционал қалыптасқан. Басы сәл ұзартылған, бейіні түзу. Құлақтары тік тұрады, ұзындығы орташа. Дарақтарының барлығы дерлік мүйізді, мойнының төменгі бөлігінде "сырғалары" бар. Желіні жақсы дамыған, машинамен саууға бейімделген, емшектерінің ұзындығы орташа.
Текелердің салмағы - 70-80 кг, ешкілердікі — 50-60 кг. Өсімталдығы өте жоғары, 100 ешкіге 170-200 лақтан келеді. 250 күн сүт беретін мезгілі ішінде майлылығы 3,4-3,5%, ақуызы 3,1-3,2% болатын 700 кг-ға дейін сүт беруге қабілетті.
Голландиялық Ландрас ешкілері тұқымы (Dutch Landrace), Чехтің ақ ешкілері (Czech White), Альпі ешкілері тұқымы (Alpine breed), Гарганика ешкілері тұқымы (Garganico), Даниялық Ландрас ешкілері тұқымы (Danish Landrace)