Қоян
Жануардың түріЧекерд Алып - Строкач
Тұқымның атауыБағалы терілі
БағытыСтрокач (алып Чекерд) тұқымының шығу тегі бұлыңғыр. Көптеген зерттеушілер оның 1800 жылдардың аяғында неміс Лотарингиясында өсірілгенімен келіседі. Оқиға басталғанда немістің қоян өсірушілері Фламандтық Алыптарды, Француз Қошқарларын (салпанқұлақ) және жергілікті неміс теңбіл қояндарын будандастырып, салмағы 4,5-5,5 кг болатын Лэнд Кэнинхен тұқымын алған. Сонымен бірге анағұрлым үлкен үлгілерді алу мақсатында Фламандтық Алыптар мен Лэнд Кэнинхенді іріктеу және өсіру жұмыстарын жалғастыра отырып, нәтижесінде Немістің Теңбіл Алыбы пайда болды. Лэнд Кэнинхен мен Немістің Теңбіл Алыбы тұқымдары едәуір үлкен болғанымен және көбінесе Ағылшын Шұбар қоянына ұқсайтын болса да, олардың тұмсыңында ерекше көбелегі болған жоқ, сонымен қатар түстерінің таралуы әртүрлі болды. 1904 жылы Германиялық Отто Рейнгардт Немістің Теңбіл Алыбын қара Фландрмен (Фламанд алыбының басқа атауы) будандастырды, нәтижесінде бүгінде бізге белгілі Строкач немесе Алып Чекерд тұқымын алды. Ұлыбританияда бұл неміс тұқымы дене тұрқымен және түсімен аздап ерекшеленеді, оны Алып Папильон деп атайды, бұл тұмсығының үстіндегі белгілеріне байланысты «көбелек» дегенді білдіреді. Қоян өсіруші немістің Строкач тұқымының екі тамаша түсті қоянын будандастырған кезде, бір ұядағы көжектердің жартысы толығымен қара, бір бөлігі ақ және тағы бір бөлігі теңбіл болып шығуы мүмкін. Бірақ соңғыларының ішінде де барлық қояндардың дақтары дұрыс пішінді және орналасуы да дұрыс бола бермейді.
Строкач – алып қоян, салмағының жоғарғы шегі жоқ, аналықтарының салмағы кемінде 5,4 кг, ал еркектерінікі 5 кг-нан бастап. Строкач қоянның құлақтары үлкен, тігінен орналасқан, ұзындығы шамамен 15 см. Дене бітімі тығыз, тұрқы ұзын, мығым, ұшасы тығыз. Негізгі түсі – ақ, тұмсығындағы көбелегінің, құлақтарының және бүйірлеріндегі дақтардың, сондай-ақ құлақтарынан құйрығына қарай біркелкі сызық болып түсетін дағының түсі қанық қара немесе көгілдір.
Ол 4-5 айда тірідей салмағына жетеді. Бір рет көжектегенде өсімтал аналық қояндар 7-8 көжек әкеледі, ұрғашылары ене болуға жақсы бейімделген және сүттілігі жоғары болып саналады. Строкач қоян ұшқалақ, қызыққұмар. Ол барынша көңіл аударуды және бос орынның үлкен болуын қажет етеді. Ең жақсысы – қаумалда ұстау. Торлары мықты, ішінде ұясы бар және төбесі биік болуы қажет.
Күміс Шампань (Champagne D' Argent), Тюрингдық (Thuringian).