Етті
БағытыДорпер
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түрі1930 жылы Оңтүстік Африка Республикасының ауылшаруашылық департаменті парсы және дорсет қойларын будандастыру әдісімен шығарған. Қазіргі уақытта Дорпер тұқымы Оңтүстік Африкада саны бойынша 2-ші қой тұқымы болып табылады. Дорпер қойлары Африкадан Еуропаға әкелінді және Еуропада 20 жылдан астам уақыт бойы өсіріліп келеді.
Жүнінің түсі ақ немесе денесі ақ түсті, басы мен мойны қара. Дорпер жүнсіз қой тұқымдарына жатады, олардың жүндері қысқа, тік, тегіс. Кейде қатты және тікірейіп тұратын жүн арқасында, бүйірлерінде және мойнында өседі, жүні көктемде түлейді.
Дорпер қойлары жоғары өнімділікке ие және 2 жылда 3 рет қоздайды, негізінен әр төлдеген сайын 2-ден 4 қозыға дейін туады. Дорпер қойларын қырқудың, сауудың қажеті жоқ. Қошқарларының салмағы - 90-140 кг, ұрғашы қойларының салмағы - 55-95 кг. Дорпер тұқымының өкілдері 150 кг дейін салмақ жинауы мүмкін. Ісек қойлардың салмағы 85-107 кг, саулықтардың салмағы 55-65 кг. Туған кезде қозылардың салмағы 2-3,5 кг, бір айлық кезінде салмағы 12-25 кг болады. Қозылардың өсімі тәулігіне 450-730 граммды құрайды. Еті бірқалыпты таралған, сүйек пен бұлшықет талшықтары арасындағы май қабатының қалыңдығы аз. Еті нәзік және жұмсақ дәмге ие, қой етінің күшті дәмі жоқ. Ұшаның сойыс түсімі 50-59% құрайды. Дорпер қойларының терісі әлемдегі ең жақсысы, олардың жабын терісі қалың, тығыз, күшті, қыртыстары жоқ, майлары тегіс. Дорпер терілері жоғары сапалы былғары киімдер мен қолғаптар өндірісінде қолданылады. Тұқымның өсіп-өну қабілеті жақсы 150-225%. Тұқым өкілдері ерте өсіп жетіледі, еркек қойлары 4-5,5 айда, аналықтары 7-8 айда өсіп шығады. Саулықтар дың аналық қасиеттері өте жақсы, төлдеуң өте оңай өтеді. Тұқым жыл бойы көбеюге қабілетті. Дорпер тұқымдарының жануарлары 2 күн бойы сусыз жүре алады.
Алтай қой тұқымы (Altay), Балвен қой тұқымы (Balwen), Барбадос блэкберри қой тұқымы (Barbados Blackbelly), Гиссар қой тұқымы (Hissar), Горький қой тұқымы (Gorky)